Надежда Морозова: "Жартылай финалда жақсы өнер көрсеттім"

1917

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Пекинде өтіп жатқан Олимпиадада масс-старт бойынша финалда үздік он бес спортшы қатарына енді.

Надежда Морозова: "Жартылай финалда жақсы өнер көрсеттім"

Морозова финалда, алғашқы спринтте ұпай алуға тырысты. Бірақ төртінші нәтиже көрсетті. Одан кейін қазақстандық спортшы ұпай жинай алмай, жалпы топта қалды (15-орын).

Жарыстың қорытындысы бойынша голландиялық Ирен Шоутен чемпион атанды. Екінші орын канадалық Ивани Блондинге бұйырса, үздік үштік қатарын италиялық Франческа Лоллобриджидаға бұйырды. Жарыс барысында Голландия мен Польшаның спортшылары тепе-теңдігін жоғалтып, құлады. Сондай-ақ 2018 жылғы Олимпиада чемпионы жапониялық Нана Такаги масс-стартта құлағаннан кейін Морозова  финалға шықты. Дегенмен отандасымыз жүлдегерлер қатарына іліге алмады.

"Жартылай финалда жақсы өнер көрсеттім. Жоспарды орындап, ұпай иелендім. Финалда бір ғана таңдау қалды – жарысты бірден бастап кету. Өйткені спринтерлердің командасы жиналды. Жалпы мен ұзағырақ қашықтыққа жүгіремін. Спринтте мүмкіндігім жоқ. Қазір елге қайтып барамыз. Сегіз күндік үзіліс болады. Ал содан соң біз бірден көпсайыс бойынша Норвегияға әлем чемпионатына аттанамыз", - деді Морозова.

Сонымен қатар бүгін Надежда Морозованың жұбайы Дмитрий Морозов та Пекинде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында масс-стартта өнер көрсетті. Ол жүлде иелене алмағанымен, өзінің көрсеткен нәтижесіне көңілі толатынын айтты.

"Бүгін мен масс-старт бойынша жарыс жолына шықтым. Жартылай финалда  екі ұпай жинадым. Бірақ финалға жолдама алу үшін кем дегенде үш ұпай алу керек еді. Бүгін, жолым болмады. Бірақ масс-старт лотерея сияқты. Негізінде, кеше 1000 метрде жақсы нәтиже көрсеттім. Қорыта айтқанда, Олимпиада ойындарында көрсеткен нәтижеме көңілім толады", - деді Дмитрий Морозов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу