Надеждадан үміт күтеміз

1661

28-шілде күні жарыс жолына шығатын спортшыларымыздың ішінде жүлдеге қол созатын, тіпті алтын медаль алатын үкілеп отырған үміттеріміз бар.

Надеждадан үміт күтеміз

Ең алдымен татамиге шығатын дзюдошымыз Ислам Бозбаевтың кездесуі қызықтырады. Арагідік әлем чемпиондарын жеңіп тұратын Ислам Бозбаевтың бабы қалай екенін байқайтын кез келді. Сәтін салса палуанымыз медальға қол жеткізуі мүмкін.

Дмитрий Баландин өткен Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион болған. Ол кезде бұл оқиға сенсацияға бағаланып, сәттілік серік болды деп айтылып жатты. Енді бұл күні ол тәжірибесі толысқан, оңы мен солын таныған мықты атлет. Алтын алмаса да қолаға қол созуы мүмкін. Бірақ ол үшін алдымен жартылай финал деген асуды бағындыруы тиіс.

Елена Рыбакина теннисші қыздарымыз арасында күннің ыстығына тайсалмай, шыдас беріп, соңына дейін күресіп жүрген спортшымыз. Путинцева, Диас, Шведовалар жасай алмаған еңбекті жалғыз өзі тындырып жүр. Осы жолы оның қарсыласы әлемнің 9 ракеткасы Гарбине Мугуруса. Осыдан бір ай бұрын бұл екеуі бір додада кездесіп, испан теннисші қызы басым түскен. Осы жолы Елена жеңіп шықса, абыройымыздың асқақтағаны. Одан әрі жартылай финалға шығып, кем дегенде бір медальді еншілейтін мүмкіндігі пайда болады. Осы кездесуде қазақстандық теннисшінің тағдыры шешілмек.

Қазақтың ұлттық спортына баланған бокста Бекзат Нұрдәулетовтің шаршы алаңға шығатын күні. Кешегі Абылайхан мен Левиттің қиын жағдайынан кейін Нұрдәулетов қателікті қайталамайды деп үміттенеміз. 81 келі салмақ дәрежесінде Маңғыстау облысының спортшысы Әлем чемпионы екенін ұмытпағайсыздар. Сондықтан да, ол осы санаттағы боксшылар арасында басты фаворит екені даусыз. Алғашқы қарсыласын аса қатты қиналмай жеңуі тиіс.  

06:30 Садақ ату, ерлер жекелей сын, 1/32 финал - Санжар Мұсаев- Ван Дапэн

8:00 Дзюдо, ерлер - 90 кило, 1/32 финал - Ислам Бозбаев - Рафаэл Маседо

8:28 жүзу, 200 метр, брасс, 1/2 финал - Дмитрий Баландин

9:03 - Бокс, әйелдер - 75 келі, 1/8 финал Надежда Рябец - Тамара Тиболт

9:51 Бокс, 57 келі, 1/8 финал - Серік Теміржанов - Дюк Раган

10:39 Бокс, 81 кило, 1/8 финал - Бекзад Нұрдәулетов - Имам Хатаев

11:00 Теннис, әйелдер, 1/4 финал - Елена Рыбакина - Гарбинье Мугуруса

11:00 Велоспорт, шоссе, финал - Алексей Луценко

14:00 Теннис, микст, 1/8 финал - Ярослава Шведова/Андрей Голубев - Эна Сибахара/Бен Маклахлан

16:15 Спорттық гимнастика, көпсайыс,финал - Милад Карими

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу