Найджел Доус "Барысқа" қайта орала ма?

2633

Қазақстан құрамасының және "Барыс" хоккей клубының бұрынғы шабуылшысы Найджел Доус келесі маусымда Нұр-Сұлтанға қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Найджел Доус "Барысқа" қайта орала ма?

Доус "Барыстан" "Автомобилист" командасына 2018-жылы ауысқан. Оның ресейлік командамен жасаған келісім-шарты биыл 30-сәуір күні аяқталады және бұдан былай "Автомобилист" Найджелмен одан әрі еңбек шартын ұзартуға ниет білдірген жоқ. Шабуылшы өткен чемпионатта, яғни ҚХЛ 50 ұпай жинады. Ол 20 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген. Ал Гагарин Кубогінің бес ойынында тек бір нәтижелі пас қана шығарды. Осыған байланысты қазақстандық шабуылшы РИА Новости арнасына берген сұхбатында басқа командалардан ұсыныс күтетінін айтқан еді. "Енді спорттық мансабымды қай клубта жалғастыратынымды білмеймін. Барлығы да мүмкін. Қызығушылық білдірген әрбір команданың ұсынысын қарастыруға дайынмын. Содан кейін нақты шешімімді айтамын, - деді Доус. "Барысқа" қайта оралуың мүмкін бе деген сұраққа: – "Иа" немесе "жоқ" деп нақты жауап бере алмаймын. Өнер көрсетуге қуана-қуана келісетін командалар көп, әрине, - деп жауап берді ол".

Естеріңізге сала кетсек, 35 жасар Найджел 547 кездесу өткізіп, 267 гол соққан. Ол Құрлықтық хоккей лигасының үздік снайперлерінің қатарынан үшінші орында және үздік бомбардирлердің кестесінде гол+пас жүйесі бойынша 501 ұпаймен 5-орында тұр. Осы жетістіктердің қатарын негізінде "Барыс" сапында жүріп толықтырып, жеті маусым елордалық клубтың намысын қорғады. "Барыс" командасының капитаны болған Доус 415 кездесу өткізіп, 376 ұпай жинаған. Яғни 217 гол соғып, 159 нәтижелі пас шығарған.

Ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымының сарапшысы Алексей Шевченконың айтуы бойынша "Автомобилист" Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісім-шартты бұдан былай Гагарин Кубогінде новосібірдің "Сібіріне" қарсы ойында сәтсіз өнер көрсеткеніне байланысты емес, Екатеринбургтің хоккей клубында менеджер ретінде қызмет атқаратын ресейлік форвард Павел Дацюкпен келісе алмағандығына байланысты болып шықты.  

"Клуб Доуспен жаңа келісім-шарт жасамайды. Бұл шабуылшының хоккейдегі ойынына байланысты емес, оның Дацюкпен тіл табыса алмағандығынан, - дейді Шевченко.

- Найджел Доус 2012-2013 жылғы маусымнан бергі статистикаға сүйенер болсақ, биыл жақсы нәтиже көрсете алмады. Ол 64 кездесу өткізіп, 51 ұпай жинады. Егер мұны өте төмен көрсеткіш десек, онда мен осындай нәтижемен "жолы болмағандардан" бір команда  жинап алар едім. Плей-оффта сәтсіз өнер көрсеткенін жоққа шығара алмаймыз. Ол жылдан жылға жасарып жатқан жоқ. Ақпан айында 35-ке келді. Дегенмен оған куәлігіне қарау әлі ертерек деп ойлаймын. Келесі маусымды өте жоғары деңгейде, жақсы клубта өткізетініне сенімдімін", - деп қоса кетті журналист. Бірақ, Шевченко Доустың кез-келген команданың ұсынысын қарастыруға дайынмын деген сөзіне күмәнмен қарайды. Өйткені, "Автомобилист" хоккейшіге жылына  150 миллион рубль жалақы төледі. "Мұндай сомманы қай клубтың ұсына алатынын білмеймін. Біреу бұдан да көп жалақы ұсынып қалуы да ғажап емес немесе Доусқа аталған келісім шарттағы соммадан аз ақшаға ойнауға тура келеді. Бірақ, 35 жастағы мықты хоккейші табысының азайғанын құптай қоймас", - дейді ресейлік сарапшы.

Айта кететін бір жәйт, биылғы маусымда "Барыс" "Автомобилистпен" салыстырғанда жақсы өнер көрсетіп, Гагарин Кубогінің 1/4 финалына жолдама алған болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, "Барыстың" шет елге шығуға мүмкіндігі болмағандықтан, "Сібірмен" кездесу өткізбейтін болды.  

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу