Нариман Құрбановтың спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуын тікелей эфир арқылы туыстары, достары, бапкерлері мен спортшылар бірге тамашалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спорттық гимнастика бойынша қазақстандық команданың бас бапкері Александр Ким Нариманды қолдаған барша жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.
"Оның бағдарламасы күрделі болды. Наримананың қарсыластары да осал емес еді. Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз. Мен не айтарымды да білмеймін. Мен өте ризамын. Ол үшін тілекші болғандарыңызға, қолдағандарыңызға үлкен рахмет. Барлығыңызға денсаулық пен жақсылық тілеймін. Әрі қарай біз одан да көп жетістіктер күтеміз", - деді ол.
Алматылық спортшы күміс жүлде алғанда жиналғандардың қуанышында шек болмады. Айта кету керек, бұл тәуелсіз Қазақстанның спорттық гимнастикадағы алғашқы Олимпиада медалі.
"Біз оны мақтан тұтамыз. Елімізді әлемге танытқанына қуаныштымыз. Оған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет", - деді Нариманның ағасы Шәкіржан Құрбанов.
Құрбанов өзінің мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында ат спорты бойынша алтын медаль жеңіп алды, іріктеуде рекордтық 15.666 ұпай және финалда 15.600 балл жинады. Сонымен қатар, ол екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.