Наталья Богданова қарсыласын әбден сабап, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

588

Бүгін әлем чемпионатында 10 боксшымыз ¼ финал аясында шаршы алаңға шығады.

Наталья Богданова қарсыласын әбден сабап, әлем чемпионатының ширек финалына өтті Фото: Бокс федерациясы

1/8 финалда Наталья Богданова Испания боксшысын еш қиындықсыз жеңіп, 70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті. Жекпе-жек 3-раундта тоқтатылды.

Бүгін, 13 наурыз, Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан барлығы 10 боксшы жетті.

Кездесулер Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін барлық жекпе-жектер:

48 кг дейін: Назым Қызайбай – Анаонис Седено Рохас (Венесуэла)

50 кг дейін: Алуа Балқыбекова  Айсен Тасқын (Түркия)

54 кг дейін: Жайна Шекербекова  Сара Циркович (Сербия)

57 кг дейін: Карина Ибрагимова  Ян Цай (Қытай)

60 кг дейін: Виктория Графеева  Ситора Турдібекова (Өзбекстан)

63 кг дейін: Аида Әбікеева  Эсманур Лок (Түркия)

66 кг дейін: Жасмин Қизатова  Альбина Молдажанова (Ресей)

70 кг дейін: Наталья Богданова  Милена Матович (Сербия)

75 кг дейін: Надежда Рябец  Николина Гажич (Сербия)

81 кг жоғары: Ельдана Тәліпова  Сара Миликович (Сербия)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу