"Нәтиже болмаса, қоштасамыз": Олжас Бектенов "Kazakh Tourism" жаңа басшысына талап қойды

638

Үкімет отырысы өтті. 

"Нәтиже болмаса, қоштасамыз": Олжас Бектенов "Kazakh Tourism" жаңа басшысына талап қойды Фото: Үкімет

"Kazakh Tourism" ҰК" басшысы Талғат Ғазизов Үкімет отырысында баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ оған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз. Келістік пе?", – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

"Kazakh Tourism" ҰК" басшысы Талғат Ғазизов оң жауап берді.

Айта кету керек, бұған дейін Талғат Ғазизов "Kazakh Tourism" Басқарма төрағасы болып тағайындалғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу