НАТО Ресейдің ықтимал шабуылына тойтарыс беру жоспарымен бөлісті

"Жеңіс теориясы" деп аталатын тұжырымдама қарсыласты 3 кезеңмен талқандауды көздейді.  

НАТО Ресейдің ықтимал шабуылына тойтарыс беру жоспарымен бөлісті Фото: Bild

Бұл туралы НАТО-ның Еуропадағы одақтас күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол альянсқа мүше елдердің біріне Ресей шабуыл жасаған жағдайда іске асырылатын жаңа іс-қимыл жоспарын таныстырған. 

Бірінші кезең Block ("Тосқауыл қою") деп аталады. Бұл кезеңде НАТО күштері қарсыластың бастапқы шабуылын тоқтатуы тиіс. Егер қарсылас шабуылды жалғастырып, ілгерілеуге ұмтылса, альянс екінші кезеңге – Blunt ("Соққы күшін әлсірету") кезеңіне көшеді. Оның мақсаты – шабуылдаушы әскердің одан әрі алға жылжуына мүмкіндік бермеу.

Үшінші кезең Break ("Талқандау") деп аталады. Бұл кезең қарсыластың шабуылдаушы бөлімшелерін ғана емес, олардың іс-қимылын қамтамасыз ететін тұтас әскери жүйені де жоюды көздейді. Ол үшін НАТО қарсыластың жабдықтау жолдарын кесуді, басқару жүйелерін істен шығаруды және шабуылдаушы әскердің жауынгерлік қабілетін жоюды жоспарлап отыр.

Варшавада өткен Қауіпсіздік форумында сөз сөйлеген Гринкевичтің сөзінше, НАТО бұл тұжырымдаманы бірнеше жылдан бері әзірлеп келеді. Десе де, соңғы оқиғаларды ескере отырып, альянс басшылығы оны алғаш рет көпшілікке жариялауға шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу