Пойызбен жиі жүретіндерге жағымсыз жаңалық

1864

Өсім 7% мөлшерінде болмақ. 

Пойызбен жиі жүретіндерге жағымсыз жаңалық Фото: ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 наурыздан бастап пойыз билеттері 7% мөлшерінде көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, жол ақысының көтерілуі "Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы" ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес іске асырылмақ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу