Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

240

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Астанадағы турнирде қарсылас шақ келтірер емес. 

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында  Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде рингке алғашқы болып Назым Қызайбай шықты. 

Ол ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фарзона Фозилованы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жекпе-жек бастала салысымен Назым қарсыласын қыспаққа алып, үш раунд бойы толық басымдық көрсетті. 

Айта кетейік, Назыммен қатар бүгін сегіз қазақстандық былғары қолғап шебері рингке шығады. 

Астанада өтіп жатқан әлем кубогында 30 мемлекеттен 300-ден астам боксшы сынға түсуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу