Назым Қызайбай халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты

2322

Сенбі күні Болгария астанасы Софияда бокстан "Странджа" халықаралық турнирінің финалы өтті. Шаршы алаңға Қазақстанның төрт боксшысы шықты.

Назым Қызайбай халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты

Ерлер арасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) ел намысын қорғады.

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай "Странджа" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол 26 ақпанда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өнер көрсетті. Қызайбайдың қарсыласы алжирлік Роумаиса Буалем болды. Қазақстандық үш раундтың қорытындысы бойынша (5:0) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Ал Дамир Әбдіқадыр турнирдің күміс жүлдегері атанды. 26 ақпанда ол 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық сынға шығып, оның қарсыласы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматов болды. Боксшылар рингте үш раунд өткізіп, нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Өзбекстаннан келген боксшыға берді.

2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды. 26 ақпанда ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өнер көрсетті. Қазақстандықтың қарсыласы ринг қожайыны Станимира Петрова болды. Жекпе-жек үш раундқа да созылып, нәтижесінде жерлесіміз жеңіліс тапты.

Сонымен қатар 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбавеа ресейлік Дулма Лумбуновамен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, нәтижесінде қазақстандық боксшы 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Финалдық белдесулердің қорытындысы бойынша "алтынды" тек Назым Қызайбай жеңіп алды. Ал Өзбекстан құрамасынан бес боксшы алтын медаль иеленді.

Финалдың бірінші күніндегі жекпе-жектердің нәтижелері:

Ерлер:

51 кг. Дамир Әбдіқадыр (Қазақстан) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) - 0:5

Қыздар арасындағы жекпе-жектердің нәтижесі:

50 кг. Назим Қызайбай (Қазақстан) - Румайса Буалем (Алжир) - 5:0

54 кг. Дина Жоламан (Қазақстан) - Станимира Петрова (Болгария) - 0:5

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Дулма Лумбунова (Ресей) - 0:5

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу