Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова үмітті ақтап, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

305

8 наурызда басталған әлем чемпионаты 17 наурызға дейін жалғасады. 

Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова үмітті ақтап, әлем чемпионатының ширек финалына шықты Фото: Бокс федерациясы

Назым Қызайбай (48 кг) әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 1/8 финалда қазақстандық боксшы словакиялық Николь Дуриковамен кездесіп, 3-раундта қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.

31 жастағы Қызайбай үшін бұл жекпе-жек 2024 жылғы Париж Олимпиадасың қола жүлдесінен кейінгі алғашқы сайыс болды. Назым – қазақ боксы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Ол әлем чемпионаттарында 2 алтын (2014, 2016) және 1 қола (2012) медаль иеленген.

Карина Ибрагимова (57 кг) да Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жарысты сәтті бастаған қазақстандық боксшы алғашқы кездесуінде колумбиялық Валерия Арболеданы 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Карина – әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері: 2023 жылы күміс медаль жеңіп алса, 2018 және 2022 жылдары қола медаль иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу