Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды

2284

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен украиналық Денис Молчанов Түркияның Анталия қаласында өткен ATP Challenger MTA Open сериялы турнирінің чемпионы атанды. 

Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды

Финалда қазақстандық-украиналық жұп америкалықтар Роберт Галлоуэй/Алекс Лоусон жұбына қарсы өнер көрсетті. Бірінші сетте қарсыластар допқа сенімді түрде иелік етті. Тек тоғызыншы геймде Недовесов / Молчанов брейк-пойнтты іске асырып, 6: 4 есебімен бірінші сетті аяқтады. Екінші сеттің жетінші геймінде қазақстандық-украиналық жұп алға шықты. Бірақ 4:3 есебімен америкалықтар кері брейк жасады. Осылайша, ойын тай-брейкке жетті. Нәтижесінде Недовесов/ Молчанов - 7: 6 есебімен қарсыластарынан басым түсті. 1 сағат 20 минутқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов төрт брейк-пойнтты жүзеге асырды. Екі рет екі еселенген қателік жіберіп 60 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық үшін Анталиядағы жеңіс Челленджерлер арасындағы жұптық жарыста 17-ші жеңіс болды. Жалпы жарыстың жүлде қоры 44 мың АҚШ долларын құрады. Финалда жеңіске жеткеннен кейін теннисшілер 2670 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы мен Кәсіби теннис қауымдастығының рейтингінде 80 ұпайға ие болды.

Ал, Александр Бублик пен Андрей Голубев Аустралияның Мельбурн қаласында өткен ATP 250 Great Ocean Road Open турнирінде жұптық сында жартылай финалға өте алмады.

Ширек финалда қазақстандық дуэт US Open 2016, Australian Open 2016 жеңімпаздары британдық Джейми Маррей және бразилиялық Бруно Соареспен кездесті. Бірінші сет Маррей/Соарес жұбының пайдасына аяқталды. Екінші ойында қазақстандық дуэт сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде еңімпаздарды анықтау үшін тай-брейк қажет болды.

Шешуші кезеңде Маррей/Соарес жұбы 9: 4 есебімен алға шықты. Бублик пен Голубев матчты сақтау үшін бәрін жасауға тырысты. Қазақстандықтар бес матчболдың үшеуін өз пайдаларына аяқтады. Бірақ, олар 7:10 есебімен тай-брейкте ұтылды. Осылайша Бублик пен Голубев үшін ATP 250 Great Ocean Road Open турнирі аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу