Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3%-ға артты

512

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3%-ға артты Фото: canva

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 543,1 млрд теңге болып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты – 7 320,3 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 63,4%. Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5%.

Инвестиция өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында (49,3%), Ақтөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалды.

Қаражаттың басым бөлігі ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталды – 68,3%. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.

Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу