Негізін қалаушылардың тегімен аталған әйгілі 10 бренд

4793

Компанияны сәтсіз атау оның тағдырына кері әсер етеді дегенге сенетіндер бар. Ал кейбіреулер фирмаларын тек өз есімдерімен атауды жөн көрген.

Негізін қалаушылардың тегімен аталған әйгілі 10 бренд

Adidas

Adidas компаниясының атауы оның негізін қалаушы Адольф Даслердің тегі мен есімінен құралған. 19-шы ғасырдың ортасында Әлем кубогында неміс командасы алғаш рет Adidas аяқ киімін киген болатын. Финалда жаңбыр басталып, үзіліс кезінде неміс футболшылары аяқ киіміне бүртабандар тағып, сөйтіп жеңіске жеткен еді.Қазір Adidas -  спорттық аяқ киім, киім және құрал-жабдықтар өндіретін мамандандырылған өнеркәсіптік концерн.

Casio

Жапониялық Casio бренді - электронды құрылғылар жасайтын ең мықты өндірушілердің бірі. Компания шығарған калькулятор, синтезатор немесе сағат барлық дерлік адамда болған шығар. Дарынды инженер Тадао Касионың тегі компанияның тез есте сақталатын атауына айналды.Кәсіпкер еңбек жолын 40-шы жылдары бастаған. Casio-Mini деп аталатын есептеу машинасы сол уақытта кең сұранысқа ие болып, ал 70-ші жылдары әйгілі қол сағаттардың алғашқы моделі шығарыла бастады.

HP

Уильям Хьюлетт пен Дэвид Пакард еңбек жолын дыбыс жиілікті генераторларын шығарудан бастады. Олардың алғашқы ірі сатып алушысы "Уолт Дисней" студиясы болды, ол "Қиял" деп аталатын мультфильмін жасау үшін 8 құрылғы сатып алған. HP компаниясы (Hewlett-Packard) - ақпараттық технологиялар саласындағы ең ірі өндірушілердің бірі. 1984 жылдан бастап LaserJet принтерлерін қолданушылардың қатары жыл санап көбейіп келеді.

Хонда

Компанияның негізін қалаушы - Соитиро Хонда. Ол өз ісін керосинмен жүретін мопедтер жасаудан бастаған. Корпусы су құбырларынан жасалған алғашқы Honda Dream мотоциклдерінің сатылымынан Соитиро табысқа кенелді. 1972 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Honda Civic автомобиль моделі әлемдегі ең танымал модельдердің бірі болып саналады.

Johnson & Johnson

Санитарлық-гигиеналық тауарлар нарығын Johnson & Johnson компаниясынсыз елестету қиын. Оның негізін қалаған ағайынды Роберт, Джеймс және Эдвард Джонсондар. Сондықтан компания атауындағы "Johnson" сөзі екі рет қайталанады. 2000 жылдан бастап компания ісі өрге басып, нарықтағы алпауыттардың біріне айналды.

Nestle

Nestle тәттілерін дәмін білмейтін адам кемде кем. Компания ең ірі тамақ өндірушісіне айналмай тұрып, оның иесі дәріхана қызметкері Анри Нестле сәбилерге арналған жасанды тамақтандыруға арналған қоспа жасаумен айналысқан. Қоспа әйгілі бола бастағаннан кейін, болашақ швейцариялық алпауыт басқа кәсіпкерлермен біріге бастады. Сүтті шоколадты ойлап тапқан Даниэль Петр және Юлиус Магги Nestle-ге қосылды.

Procter&Gamble

Procter & Gamble тарихы 19-шы ғасырдың 30-шы жылдарында басталды.Бұл Америка үшін ауыр кезең болған еді: банктер жабылып, миллиондаған адам жұмыссыз қалды.Бұған қарамастан, Уильям Проктер мен Джеймс Гэмбл Procter & Gamble компаниясын құрып, шамдар мен сабын шығара бастады. Ivory сабыны, Tide және Ariel кір жуатын ұнтақтары, Crest тіс пастасы – компанияның ең әйгілі деген өнімдері. 1961 жылдан бері олар сәбилерге арналған Pampers өнімдерін шығара бастады. 

Siemens

Siemens конгломераты көптеген елдерді сапалы электротехника, энергетикалық, медициналық жабдықтармен және көліктермен қамтамасыз етеді. 1847 жылы неміс инженері Вернер фон Сименс механика мен оптика, сондай-ақ электромедициналық құрылғыларды жасаумен айналысатын фирманы құрды. Компания алғашқы телеграф желісі мен электр темір жолын салған болатын. Қазіргі уақытта фирманың алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтардан бастап өндірістік генераторлар мен турбиналарды шығаратын салалары бар.

Suzuki

1909 жылы Митио Судзуки тоқыма білдегін өндіретін компанияны өзінің фамилиясымен атауға шешім қабылдады. Кейін мотоциклдер мен мотовелосипеддер өндірісін бастады. Қазіргі уақытта компания жол талғамайтын көліктер, жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер шығарады. Үндістанда Suzuki  жергілікті автокөлік нарығындағы көшбасшы саналады.

Toyota

Toyota компаниясының негізін қалаушы өз ісін тоқыма білдегін шығарудан бастады. Одан түскен табысының барлығын бүкіл әлемде сұранысқа ие автокөліктер өндірісіне құйған.1989 жылы Lexus көлігі сатылымға шығарылды, статистикаға сәйкес, ол ең сенімді автокөлік болып табылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу