"Немен айналысу керектігін айттым": Черчесов Қазақстан құрамасының жеңілісіне қатысты пікір білдірді

650

Кеше жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжанға есе жіберген болатын.

"Немен айналысу керектігін айттым": Черчесов Қазақстан құрамасының жеңілісіне қатысты пікір білдірді Фото: © Gonzalo Arroyo - UEFA / Contributor / UEFA / Gettyimages.ru

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық құраманың жолдастық кездесулері жайлы ойын ортаға салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен Қазақстан құрамасының екі жолдастық ойынын да көрдім. Еревандағы ойын сәтсіз басталды, алғашқы минуттарда гол жіберіп алды. Бірақ, Әзербайжанмен болған кездесуде жігіттер бірінші таймның ортасында алға шығып, мүлде басқаша ойнады. Кейін әзербайжандықтар допқа көп иелік ете бастады. Жігіттер неліктен допты қарсыласқа оңай беріп қойғанын түсінбеймін. Айта кету керек, бұл жолдастық кездесу, екі команда да қорғаныста нашар ойнады. Ойыннан кейін мен киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, қыркүйек айындағы матчтарға дейін қателерімізді түзетіп алуымыз үшін жігіттерге немен айналысу керектігін айттым. Шеберліктеріңізді сынау үшін жолдастық кездесулер қажет. Әлі де шыңдайтын дүниелер көп", - деді Черчесов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу