Несие алушылардың 33 пайызы- жаңа қарыз алушылар

13309

2016 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың несиесі бойынша қарыздық борышкерлік жиынтық 4,53 трлн. теңгені құрады. 

Несие алушылардың 33 пайызы- жаңа қарыз алушылар

Маусым айында бөлшектік кешенде жасалған несиелік шарттардың саны және берілген қарыздар көлемі де  өткен айға қарағанда артқан. Мұндай мәліметтер Бірінші несиелік бюроның (БНБ) шолуында келтірілген.

"Біз қарыз алушылардың құрылымын қарап отырамыз, соған қарап 2016 жылдың II тоқсанында қарыз алушы жеке тұлғалардың санының жаңа екенін байқадық",- дейді Бірінші несиелік бюроның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева.

Осы жылдың қаңтар- маусым айларының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың несиесі бойынша қарыздық борышкерлік жиынтық 4,53 трлн. теңгені құрап, алдағы тоқсанға қарағанда 2%-ға артқан. 

Бір қарыз алушның орташа борышкерлігі 885 мың теңгені құрап, алдағы тоқсанға қарағанда 0,9%-ға артқан.  II тоқсанда берілген несиенің орташа көлемі де 631 мың теңгеге (+1,6%)  дейін артып отыр. II тоқсандағы несиенің саны қарыз алушылардың санына қарағанда I тоқсандағы 1,41 қарсы 1,40 болды, яғни бір қарыз алушының несиелік жүктемесі осы кезеңде болмашы ғана әлсіреген. 

БНБ мәліметі бойынша жаңа берілген несиелер есебінен қарыз портфелінің өсуі бөлшектік нарықтағы жаман несиелер деңгейінің белгілі бір төмендеуіне әкелді. 2016 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша NPL үлесі 19,1%-ды құраған, ал алдағы тоқсанда бұл көрсеткіш 19,7%-ға тең болғантын. NPL деңгейінің төмендеуі барлық өңір бойынша байқалған. Сапасы ең жаман қарыздар саны бұрынғыша Алматыда (29,6%) және Алматы облысында (26,9%) болып отыр.

Бизнесті несиелеу нарығына келетін болсақ, онда бұл жерде де қарыздық борышкерлік сомасының өскенін байқауға болады, ол 2016 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша алдағы тоқсандағы 14,6 трлн. теңгеге қарсы 15,2 трлн. теңгені құрады. Соған қарамастан нарықтағы қарыздық борышкерлік сапасы өзгерген жоқ (NPL үлесі 15%-ға тең).

БНБ-да қаржылық қызмет жеткізушілермен сұралған несиелік есеп санының өсуі байқалуда, алайда бұл көрсеткіш жасалған несиелік шарттар санына қарағанда  өте баяу қарқында өсуде. Нәтижесінде БНБ-бен есептелген несиелік белсенділік индексі бір айда 19-дан 22-ге өскен. Аталған индекс 2016 жылдың басынан бастап өзгеруде, БНБ алдағы іскерлік кезеңде белсенділіктің артуын күтетінін атап кетті.

БНБ сараптамалық орталығы барлық қарыз алушылардың сапасын несиелік тарихы  индексі көмегімен бағалайды. Бюроның мәліметі бойынша 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша "жақсы" қарыздар үлесі 64,6%-ды құрайды. Дефолтеде 18,9% бар, ал 16,5%-ы нарықтық жағдаятқа тәуелді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу