Несиелік серіктестіктер бақылауға алынатын болады

15462

Қазақстанда несиелік серіктестіктерді депозиттерді қабылдау  құқығы бар болуға үлестіруге, сонымен қатар оларға бақылау орнату ұсынылуда.

Несиелік серіктестіктер бақылауға алынатын болады

"Дәл қазіргі уақытта несиелік серіктестік тек "Несиелік серіктестік туралы" заңмен ғана реттелуде, ал мемлекет тарапынан бұл жүйе реттелмейді. Реттеу қызметін мемлекеттік органдарға  беру немесе өздігінен реттелетін ұйымға несиелік серіктестіктерді біріктіру  ұсынысы бар. Ағымдағы жағдайда осы жол дұрысырақ, себебі көршілес Ресейде несиелік серіктестіктер өздігінен реттелетін ұйымдар арқылы реттеліп, табысты дамуда", - дейді агроөнеркәсіптік кешеніндегі несиелік серіктестік қауымдастығының төрайымы  Альмира Сағатова.  

Оның айтуынша, өздігінен реттелетін ұйымдарды құру  нарықты "біркүндік несиелік серіктестіктерден" "тазартып", несиелік серіктестер ( НС) санын оңтайландыруға көмектесер еді.

"Статистика мәліметі бойынша АӨК саласындағы 900-ден астам несиелік серіктестік 176 несиелік серіктестік қызметін іске асырады. Осы барлық  жұмыс істейтін 176 несиелік серіктестік "Аграрлық несиелік корпорация" тарапынан мониторингке ілігеді, жыл сайын аудиттен өтеді, яғни олардың қызметі негізгі несиелеушімен шамалы болса да реттеледі, ал Қазақстанның басқа несиелік серіктестіктерінің қызметі бойынша қандай да болсын ақпарат жоқ", - дейді ол.

Сағатова ханым тиісті заңнаманы қарастыратын несиелік серіктестікті дамыту стратегиясы қазіргі уақытта дайындалуда деп abctv.kz сайтында нақтылады.

"Біз стратегияны дайындап жатырмыз, оны барлық мемлекеттік органдармен, мүдделі министрліктермен келістіруіміз керек. Егер біздің стратегиямыз мемлекеттік органдарда қолдау табатын болса, онда біздің "Несиелік серіктестік туралы" заңға өзгертулер енгізу бойынша жұмысымыз одан әрі жылжиды", - деді ол порталға. Алайда, ол аталған заңнама парламентке қашан ұсынылатынын нақты айта алмады.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама серіктестік мүшелерін қорғауды және қайта құру немесе несиелік серіктестікті жою сияқты опцияны қарастырмайды. "Осының барлығы реттелмеген, сондықтан да осы даму кезеңінде заңнамаға өзгерістер енгізу міндеті тұр",- дейді Альмира Сағатова.

Сонымен қатар, бүкіләлемдік несиелік одақ кеңесінің көзқарасы бойынша "Несиелік серіктестік туралы" қазақстандық заң негізгі компаненттер қатарын ұстануы керек, оның бірі несиелік серіктестік  қатысушыларымен олардың қаражатын топтастыру, серіктестік қатысушыларының қаражатын ақылы, шұғыл, қайтарымды болуы негізінде тарту механизмі болып табылады.

"Бұл процессіз несиелік серіктестікті капиталдандыру мүмкін емес, бұл олардың дамуына кедергі болады. Егер несиелік серіктестіктер депозиттерді қабылдайтын болса, онда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін  және тәуекелдерді азайтуда олар белгілі стандарттарға  және нормативтерге сай болуы керек. Белгілі бір стандарттар мен нормативтер дайындалуы қажет, оны реттейтін бір орган болуы керек", - дейді ол.

Оның айтуынша, заңға өзгерту енгізілгеннен кейін несиелік серіктестіктер өз қатысушыларынан депозиттер қабылдай алатын болады. Қазіргі уақытта несиелік серіктестік өзінің қатысушыларын "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ қаражатынан және қатысушылардың өз қаражаты есебінен несиелеп отыр.

"Қазір қатысушылар шұғыл, ақылы, қайтарымды  болу талаптарымен салып отырған жоқ. Сіз депозитке салғанда , салған сомаңызды алты айдан кейін  жылдық 12%-бен қайтарып алуға саласыз ғой. Ал олар қазір жарғылық капиталға ешқандай төлемсіз салуда ", - деді АНС басшысы.   Ұсынылған қарыздардан несиелік серіктестікпен алынған пайда қатысушылар арасында бөлінеді немесе несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайтуға жіберіледі.

АӨК саласында несиелік серіктестіктер қаражатты  АНК-дан жылына 4%-бен алады да, жылына 7-9%-ға береді.  "Егер қаражат тартылған болса, онда АНК-дан   9,5%-бен  алады да, шамамен 14%-ға береді. Сонымен қатар несие және лизинг бойынша мемелекеттік субсидиялау бар", - деді Сағатова ханым.  

Оның айтуынша, өздігінен реттелетін ұйым барлық НС үшін ережені жасар еді. Жекелеп алатын болсақ, әңгіме НС капиталының  жеткіліктілігі талаптары және "Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры" АҚ-да депозиттерді кепілдендіру мүмкіндігі жайында болып отыр.

"АӨК саласында оларға тек АШМ ғана ақша береді, ал негізінен, ол кез келген қор көзінен қаражат тарта алады, ол ауылда көлікті несиелеу немесе ипотека да бере алады", -  деп есептейді АНС басшысы.

Барлық қазақстандық НС тұтас жарғылық капиталы тоғыз млрд.теңгені құрайды, оның жартысы машиналар мен мекемелерде. Дәл қазіргі уақытта барлық НС-нің тұтас несиелік қоржыны бір қатысушыға орта есеппен 9,8 млн. теңге қарыз берумен  67,2 млрд. теңгені құрайды. Несиелер айналымдағы қаржыны толтыруға екі жыл мерзімге және негізгі қаражатты және құрылыс-жөндеу жұмыстарын алуға тоғыз жылға дейін беріледі. Осы ретте, АНК мәліметі бойынша, барлық несие қоржынының алты пайыздық қарызы бойынша мерзімі өткен берешек бар.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу