Нетаньяху Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға қарсы екенін тағы айтты

327

Бұл туралы Нетаньяху жақында айтты.

Нетаньяху Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға қарсы екенін тағы айтты Фото: nytimes.com

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекетін құруға тағы да қарсы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Нетаньяху 16 қараша күні үкімет отырысында сөз сөйледі. Премьер-министр бұл мәселеде әсіре оңшыл министрлердің нақты позиция ұстану туралы талабына жауап берді. Ол Палестина мемлекетін құруға қарсы екенін әрі бұл ұстанымы өзгермегенін мәлімдеді. 

"Мен ешкімнің қолдауына, твиттеріне немесе дәрістеріне мұқтаж емеспін", – деді Биньямин Нетаньяху.

Бұған дейін оңшыл радикал партиялардың министрлері Бецалель Смотрич пен Итамар Бен-Гвир Трамптың бейбітшілік жоспарын қолдаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясының жобасында Палестина мемлекетіне "жол" туралы тұжырым пайда болғанын айтты. Олар үкімет басшысынан осы идеяға қатысты нақты жауап беруді талап еткен. Сондай-ақ Нетаньяху ешқандай әрекетке бармаса, атқарушы биліктің коалициясынан шығатынын ескерткен.

Биньямин Нетаньяху қыркүйек айында Ақ үйге сапары кезінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың жоспарына келісім берді. Сол уақыттан бері Палестинаның мемлекет боп құрылу мүмкіндігіне жақ ашпады.

Айта кету керек, бұған дейін Газада жауын салдарынан аймақтағы тұрғындардың жағдайы қиындағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу