Сейсенбіде "Сарыарқа" Нұр-Сұлтанда "көшпенділерді" 3:1 есебімен жеңгеннен кейін, "Номадтан" бір ұпай ғана артта қалып, бірінші орында тұрған Өскеменнің "Торпедосынан" екі ұпай артта қалып, үшінші орында келе жатқан.
"Номад" - "Сарыарқа" арасындағы екінші ойында "көшпенділер" қосымша уақытта қарағандылық команданы жеңді. Есепті тоғызыншы минутта қонақтардың шабуылшысы Владислав Никулин ашты (0: 1). Екінші кезең бастала салысымен "Номад" шабуылды үдетті. Захар Пархоменко қонақтардың қақпашысымен бетпе-бет келіп, қақпаның сол бұрышына соққы бағыттады. Бірақ, командалар екінші үзіліске қонақтардың минималды артықшылығымен кетті. 32-минутта Дмитрий Желнеровский қақпаға дәл соққы бағыттап, "Номадтың" голкипері Денис Каратаевтың қақпасына гол соқты.
Екінші үзілістен 34 секундтан соң Дмитрий Михайлов қонақтар қақпасына үшінші гол соқты. Алайда кездесудің 52-минутында "Номадтың" форварды есепті 2:3-ке дейін қысқартты.
Финалдық сиренаға үш минут қалғанда Батырлан Мұратов екі қарсыласын айналып өтіп, есепті теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. "Сарыарқаның" негізгі уақытының 59-минутында ойыншының кетуіне байланысты "Номад" алғашқы 20 секундты төртте үш форматта өткізді. Осы уақытта Андрей Яковлев қарағандылықтардың қақпасына соққы бағыттап, жеңісті шайбаны "Сарыарқа" қақпасына соқты.
"Номад" - "Сарыарқа" 4: 3 OT (0: 1,1: 1, 2: 1, 1: 0)
0: 1 - 08:57 - Никулин (Михайлов, Желнеровский)
1: 1 - 20:40 - Пархоменко (Зубов, Ибрибеков)
1: 2 - 31:49 - Желнеровский (Никулин, Сиксна)
1: 3 - 40:34 - Михайлов (Аноховский, Никулин)
2: 3 - 51:23 - Рунов (Данияр Сн.)
3: 3 - 56:18 - Муратов (Зубов, Ибрибеков)
4: 3 - 64:06 - Яковлев (Пелевин)
"Номад" 56 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың көшбасшысына айналды. "Теміртау" Петропавлда негізгі уақытта жергілікті "Құлагерді" 3: 2 есебімен жеңіп, 55 ұпай жинап, екінші орынға шықты. "Сарыарқа" 54 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына түсіп қалды.
Ермұхамед Мәулен