Жаңа маусымдағы екінші матчында "Номад" "Алтай Торпедосына" жеңіске деген ешқандай мүмкіндік қалдырмады. 8: 1 есебімен астаналықтар ірі жеңіске жетті. Максим Мухаметов дубль жасаса, Алексей Зубов, Иван Клепко, Андрей Яковлев, Мадияр Ибрайбеков, Дмитрий Преснов және Ярослав Евдокимовтар қарсыластар қақпасына шайба соқты.
Қақпаны ең алдымен Сергей Кудрявцев қорғады. Ол 23 соққыны қайтарды. Үшінші кезеңнің ортасында айдынға жас қақпашы Джалал-ад-Дин Әмірбеков шығып, ересектер хоккейінде дебют жасады.
Енді "көшпенділер" Рудный - Ақтөбе - Атырау бағыты бойынша алты матчтық турға шығады.
Сондай-ақ аталған екі команда арасында өткен алғашқы кездесуде "Номад" тарапынан тәртіп бұзу орын алғаны белгілі болды. Республикалық жарыстарды өткізу бөлімі 2020 жылдың 19 қазанында PRO HOKEI LIGASY Қазақстан чемпионатының "Номад" және "Алтай Торпедо" командаларының арасындағы №1 матчында "Номад" командасы тарапынан PRO HOKEI LIGASY Регламентінің 5-тарауы 22-бабының 5-тармағы бұзылған.
Регламентке сәйкес, Чемпионатқа басқа Лиганың қатысушысы болып табылатын клуб командасының құрамында жекелеген матчта хоккей клубының негізгі командасының екіжақты келісімшарттары бар 6 (алты) хоккейшісі (5 алаңдағы ойыншы мен қақпашы) ғана қатыса алады.
"Номад" командасының құрамында "Барыс" командасының негізгі мәлімделген тізіміндегі ойыншылар саны рұқсатты шектен асып кеткен. Осыған байланысты республикалық жарыстарды өткізу бөлімі Регламенттің аталмыш тармағы бойынша "Номад" ХК-ға жаза қолданып, 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазу туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар бүгін "Снежные Барсы" командасы "Торпедоға" қарсы өткізген екінші матчында ірі есеппен жеңілді. Кездесу 8:3 есебімен "Торпедоның" пайдасына аяқталды. Елордалық ұжым "Снежные Барсы" келесі матчты 23-24 қазан күндері Павлодар қаласында, "Ертіске" қарсы өткізуді жоспарлап отыр.
Ермұхамед Мәулен