Енді норвегиялықтар да Ирак құрамасын 4:1 есебімен қапы қалдырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матчтың 29-минутында әйгілі Эрлинг Холанд қақпа торын тулатса, 39-минутта Айман Хуссейн есепті теңестірді. Бұл гол Ирактың оңай шағылар жаңғақ емес екенін байқатты.
Десе де, үзіліске дейін Холанд дубль авторы атанып, командасын алға шығарды. Ол қорғаушының қақпашыға берген сәтсіз пасты пайдаға асырған.
Ойынның екінші бөлігінде Норвегия сенімді ойнап, басымдығын үдете түсті. 76-минутта алаңға шыққанына небәрі 3 минут болған Лео Эстигорд бұрыштамадан көтерілген допты баспен қақпаға тура бағыттады. Қосымша уақытта ирактық қорғаушының қателігі есепті 4:1-ге жеткізді.
Бұған дейін мундиалдағы қызықты деректерді жинап, кең көлемде жариялаған едік.