Норвегиялық шаңғышы қысқы Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы атанды

419

Италияда Йоханнес Клебо 5 алтын медаль жеңіп алды.

Норвегиялық шаңғышы қысқы Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы атанды Фото: pressball.by

Бүгін норвегиялық шаңғышылар Йоханнес Клебо мен Эйнар Хедегарт Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында еркін стильдегі командалық спринтте алтын медаль жеңіп алды.

Финалда олар 18 минут 28,9 секунд нәтижемен мәреге жетті. 2-орынды америкалықтар Бен Огден мен Гас Шумахер иеленді (аралық айырмашылық – 1,4 секунд), ал 3-орын италиялықтар Элиа Барп пен Федерико Пеллегриноға бұйырды (+3,3 секунд).

Йоханнес Клебо үшін бұл 2026 жылғы ойындардағы 5-ші алтын медаль болды. 29 жастағы спортшы қысқы Олимпиада ойындарындағы алтын медаль саны бойынша рекордын жаңартып, жалпы көрсеткішін 10-ға жеткізді.

Шаңғышылар Италиядағы Олимпиада бағдарламасын 21 ақпанда классикалық стильдегі 50 шақырымдық масс-старт жарысымен аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу