"Nur Otan" еңбек ардагерлерінің қолдауына ие

1060

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қарағанды облысының Құрметті азаматы  атанған Төлеген Бүкіров төрағалық ететін "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС жанындағы "Ардагерлер кеңесі" ҚБ мүше еңбек ардагерлері "Nur Otan" партиясының  2025 жылға дейінге "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"  атты сайлауалды бағдарламасымен танысты. 

"Nur Otan"  еңбек ардагерлерінің қолдауына ие

Ел дамуының болашағын бағамдап берген бағдарламаның басым бағыттарын Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерлан Кенжебеков пен Алмас Ахатов бастаған  Мұрат Бөрібаевтың сенімді өкілдері Нұрғали Есілбаев пен Айнұр Жүсіпова түсіндірді.

"Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер" деген халықтың ұрпағымыз. Өзімізді қалалық мәслихат депутаты қызметінде сынап, бойымыздағы бар тәжірибеміз  бен қажыр-қайратымызды туған жердің көркеюіне арнамақ ойымыз бар. Осы ретте, бізге, яғни жастарға алдыңғы толқын ағалардың қолдауы ауадай қажет.  Елбасы, Пратия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біз бір жұдырықтай бірігіп, бір-бірімізге тілеуқор болғанда ғана ел басына түскен қиындықты еңсереміз", – деп кездесуді ашқан кандидат Ерлан Темірұлы партияның Жезқазған қаласы бойынша межелеген ауқымды жоспарларын тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетсек, "Nur Otan" партиясы облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі елді алаңдатқан мәселелерді түгел електен өткізіп, оларды шешу жолдарын қамтыған 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жасақтады. Партияның алдағы бес жылда атқарылуы тиіс жоспарларын шоғырландырған құжатты қабылдау кезінде 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілген. Жезқазған қаласының сайлауалды бағдарламасында еліміздің жетекші    партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді, жұмыспен қамуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құруды, қаламызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы етуді өз міндетіне алып отыр. Дамудың жеті бағытын қамтыған құжатта жезқазғандықтарды көптен бері алаңдатқан сапалы ауызсу мен  экология, коммуналдық салада қордаланып қалған мәселелерді оңтайлы шешу жолдары көрсетілген. Атап айтқанда, көшбасшы партия 2023 жылға қарай қала  халқын 100 пайыз орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтап,  15 шақырымдық Есқұла су құбырының құрлысын аяқтауды, ұзындығы 196 км қалаішілік су желілерін қайта құрылымдауды, Үйтас-Айдос су құбырының 44 шақырымын жаңартуды көздеп отыр. Осылайша,  таза суға қолжеткізетін мысты өлке тұрғындарының сапалы медициналық қызметтің, сапалы жол мен инфрақұрлымның игілігін көретін күн алыс емес. Азаматтарды қолжетімді баспанамен, бұқаралық спортпен, сапалы біліммен және мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін жоғарлату мақсатында да бірқатар жобалар қолға алынбақ. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға кедергісіз орта қалыптастыру партия назарынан тыс қалмағаны тағы бар. Жыл сайын 200 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтуды, 24 дыбыстық бағдаршам орнатуды, бірыңғай әлеуеметтік қызмет порталын іске қосуды ойластырған "Nur Otan" ауылдағы ағайынның да қамын қарастырып қойды. Алдағы жылдары Жезқазғанға қарасты Талап, Кеңгір мен Малшыбай ауылдарын кеңжолақты интернет жүйесімен қамту, жолдарын жөндеу, абаттандыру сынды маңызды мәселелерге көңіл бөлінген.

Қазақстанды қазіргі экономикалық қиындықтан шығарып, ел азаматтарының әл-ауқатын көтеруді мақсат еткен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын еңбек ардагерлері "халыққа берері мол құжат" деп бағалады. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдардың атынан кандидаттарға  батасын берген Төлеген Бүкіров "нұротандық" кандидаттар алдағы сайлауда жеңімпаз болатынына сенім артты. Сондай-ақ, 13  мың еңбек арадагері мүшелік ететін "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС жанындағы "Ардагерлер кеңесі" ҚБ дәйім Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясаты мен "Nur Otan" партиясының бетке алған бағытын қолдайтынын жеткізді.

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу