"Nur Otan" партиясы сөздің емес, істің партиясы

1055

"Nur Otan" партиясы алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді.  

"Nur Otan" партиясы  сөздің емес, істің партиясы

Әрі партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылып,  нағыз халықтық партия. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Әр өңірлерде партия белсенділері, партия қатарындағы азаматтар еліміздің даму жолында, аймақтық экономика және бизнес, инфроқұрылым, әлеуметтік салада жобаларды іске асыруда.

Жалпы əлеуметтік мəселелерді шешу мақсатында аудандық партия филиалы тарапынан жүзеге асырылып отырған іс-шараларды көптеп келтіруімізге болады. Ең бастысы əлеуметтік мəселелерді шешуге атсалысу еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолдарының бірі екенін назарда ұстап келеміз.

 Аудандық мәслихат депуттатығына кандидат Н. Артықбаева Талдыбұлақ ауылы тұрғындарымен онлайн түрде кездесіп партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, алда жоспарланған жұмыстар туралы толық ақпарат берді.

Негізгі бағыттың бірінде: бүкіл білім беру жүйесін жаңғырту: жаңа нысандар жасау және балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, оқытудың жаңа стандарттарын, әдістері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу арқылы барлық деңгейде білім беру сапасын арттыру, педагог қызметкерлердің кәсіби даярлығының жоғары сапасын қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік мәртебесі мен еңбек ақысын  көтеру көзделгендігі айтылды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасында халықты таза ауыз сумен қамту, ауылдың ішкі көше жолдарын жөндеу сынды мәселелер қамтылғаны айтылды.

Ауыл тұрғындары осы бастама жолында  жаңа идеялар асыратын партия қатарластарымыз көбейсін, партияға дауыс береміз, партияға сенім мол, -деп өз тілектерін білдірді.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу