"Nur Otan" партиясы тарапынан атқарылып жатқан шаруалар ауқымды

844

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы және "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. 

"Nur Otan" партиясы тарапынан атқарылып жатқан шаруалар ауқымды

Кербұлақ аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Борманбеков Қуаныш Жарманбекұлы, сайлауалды штабтың мүшесі Төлегенов Шалқыбай Молдахметұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар - Ахметбекова Зәуре Қабижанқызы, Үмбетов Азамат, Джакупова Альфия Бауыржанқызы, Ильясова Әсем Нұрмұхамбетқызы Көксу ауылына барды. Ондағы мақсат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын және "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын таныстыру. 

Әсем Нұрмұхамбетқызы сөз кезегінде: "Халықты әлеуметтік қолдау" тұрғысында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42,5 мың теңгеден төленгенін, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан 3028 адам 28 млн 503 мың теңге азық-түлік, тұрмыстық жиынтығына арналған төлем алғанын, 392 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгенін, 1-6 жас аралығындағы 375 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілгенін, 2360  адамның коммуналдық шығындарының өтелгенін, Елбасының бастамасымен қолға алынған "Biz birgemiz" акциясы аясында "Nur Otan" партиясының мүшелері мен еріктілері 702 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп бергенін, 935 адам 50 000 теңгеден алғанын түсіндіріп, партия тарапынан осындай көмек көрсетілгенін айтып, алдағы бес жылда атқарылатын шараларға тоқталды.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Үмбетов "Кәсіпкерлерді қолдау" бойынша тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске дағдарыс жағдайында елеулі қолдау көрсетілгенін, жалпы сомасы 18 млн теңге болатын 33 жоба "Бастау бизнес" жобасы аясында қайтарылмайтын грант түрінде мемлекеттік қолдауға ие болғанын, жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларға 3,3  млрд теңге  бөлініп, бұл 165 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергенін, коммуналдық меншік 42 нысанға 3 айға жалдау ақысы алынып тасталғанын, төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілгенін, зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілгенін, құрылыс секторында облигациялар шығару есебінен 54 әлеуметтік нысандардың құрылысына шамамен 2,6 млрд теңге қарастырылғанын айтып, партия тарапынан атқарылып жатқан шаруалардың ауқымды екенін жеткізіп, сайлау күні "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.   

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу