Nur Otan партиясының атауы ресми түрде "Аманат" деп өзгерді

2743

Аманат – қазақ үшін мағынасы терең ұғым. 

Nur Otan партиясының атауы ресми түрде "Аманат" деп өзгерді

Nur Otan партиясының атауы ресми түрде "Аманат" деп өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Nur Otan партиясы мемлекеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

"Nur Otan партиясы Орталық Азиядағы жетекші мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуетін нығайтудағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамымызды өз төңірегіне біріктірді. Партияның болашағы туралы айтпас бұрын, оның осыған дейінгі шынайы еңбегін ұмытпауымыз керек. Бұл өзі ісіне берілген партия белсенділерінің еңбегін ескеру", – деді ол.

Оның айтуынша, уақыт бір орнында тұрмайды, партияға жаңа міндеттерді орындау керек.

"Алда шешімін күтетін жаңа міндеттер тұр. Туындап жатқан жаңа саяси және экономикалық мәселелерді шешуге тиіспіз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы партия атауын "Аманат" деп өзгертуді қолдайтынын білдіріп: 

"Аманат сөзі ата-баба өсиеті, ұрпаққа аманат деген мағынаны білдіреді. Аманат - қазақ  үшін мағынасы терең ұғым. Ол тәуелсіздіктің өшпес мұраттары мен құндылықтарын бейнелейді, нығайған мемлекеттілігіміз бен жалпы ұлттық бірлігіміз, ата-бабамыз аманат етіп қалдырған ұлан-ғайыр өлкеміз. Осы баға жетпес мұраны сақтап, нығайтуымыз керек. Бұл өткен және келешек ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Партия атауын "Аманат" деп өзгертуді қолдаймын", – деп түйіндеді сөзін.

 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу