Nur Otan партиясының атауын өзгерту ұсынылды

1546

Nur Otan партиясын атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Nur Otan партиясының атауын өзгерту ұсынылды

Партияның кезектен тыс XXII съезінде Мәжіліс төрағасы Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды. 

"... Ашығын айтқанда елмен бірге партия да жаңғыруы қажет. Ұйымның идеологиясын жаңа мазмұнмен толықтырып, тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуіміз керек. Осы орайда партияның табиғаты да, атауы да өзгертіп, жаңаруы керек деп санаймыз. Мұндай өзгерістердің қажет екенін өңірлерге барған кездесу барысында байқадық. Бұл мәселесі алдын ала жан-жақты талқыланды, бірқатар ұсыныс айтылды. Пікірлесе келе партиямыз "Аманат" деген атауға лайық деген тоқтамға келдік. Бабаларымыз бізге Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр жерді қалдырды. Мыңжылдықтардың ар жағынан бастау алатын бай тарихымызды бүгінгі күнге жеткізді. Сондай-ақ елдік мұратымызды, ұлттық мұрамызды, бірліктің, татулықтың даңқты дәстүрін ұрпаққа табыстады. Осы ел мен осы жерді бізге ата-бабаларымыз аманат етіп тапсырды. Енді оны біз келер ұрпақтарға лайықты аманаттауға тиіспіз", – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ ол ел бірлігі, халықтың тұтастығы маңызды екенін атап өтті.

"Бұл істе тыңнан түлеген, сындарда шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы ересен. Біз қашанда бабалар аманатына адал болуымыз керек. Бұл – біздің перзенттік парызымыз. Сондықтан еліміздегі ең басты саяси ұйымның "Аманат" деп аталуы орынды деп ойлаймыз. Осыған орай бүгінгі съезде Мәжілістегі фракция депутаттары партия атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынып отыр. Осы ұсынысты қарауларыңызды сұраймыз", - деді Мәжіліс төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу