"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы жете түсіндірілді

725

Бүгін Сарыөзек ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кәмшат Қыстаубаева және Зәуре Ахметбекова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.   

 "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы жете түсіндірілді

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында жергілікті жерлердегі өткір проблемаларды ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс екенін баса айтты.

"Nur Otan" партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданда өмір сүруді қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салады. Бүгінгі таңда баршамыздың көңілімізден шығып, халықтың игілігіне қызмет етіп отырған "Nur Otan" партиясының атынан  өз ауданымның халқына қызмет ету – мен үшін үлкен абырой, зор мақтаныш. Маған артылған сенім, үлкен жауапкершілікті, іскерлікті қажет ететінін терең түсінемін. Қоғамдық жұмыстарға әрдайым дайын болып, халық мүддесін қорғауға үнемі үлесімді қосамын деп айта аламын" деген аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кәмшат Болатқанқызы одан әрі: "Білім сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға баса назар аударылатын болады. Бұл үшін ""Nur Otan" партиясы заманауи технологияларды енгізу; жаңа талаптарды ескере отырып, оқытушыларды даярлау; 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету; жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамының үлесін 56 пайызға дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту; 5 білім беру объектісінің құрылысы, оның ішінде: 2025 жылға қарай Сарыөзек аулындағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, аудан мектептерінің 75 пайызына дейін химия, биология, жаңа буын физикасы және ақпараттық технологиялар кабинетімен жабдықтау, жыл сайын 90 компьютер сатып алу, нәтижесінде бір компьютерге 6-дан 3 оқушыға дейін жүктеме төмендейді. ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 26 пайыздан 37 пайызға дейін артады" деп, сапалы білім беруге айрықша тоқталды.

Бұдан соң аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Зәуре Ахметбекова "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол өз сөзінде таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, карантиндік шаралардың енгізілуіне орай, халықты әлеуметтік қолдау туралы және дамудың жеті басымдығы бойынша жеке-жеке тоқталып, сол бойынша атқарылатын шаруаларды тілге тиек етіп, көпшілікке "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жете түсіндіріп берді.

Аудандық кітапхананың кітапханашысы Алтыншаш Мұйтынова аталмыш партияны көптің қолдайтынын және оған сенетінін айтып, кандидаттарға ризашылығын білдірді.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу