"Nur Otan" партиясының Жезқазғандағы үгіт-насихат науқаны тәмам

1239

Еліміздің болашағын айқындайтын саяси кезеңге үлкен дайындықпен келген "Nur Otan"  партиясының Жезқазған қалалық сайлауалды штабының жұмысы өз мәресіне жетті. 

"Nur Otan" партиясының Жезқазғандағы үгіт-насихат науқаны тәмам

Түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар мен сайлауалды штабтың  мүшелері "Zoom" платформасында бас қосып, 11 қарашада басталған үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Онлайн форматтағы кездесудің алғы сөзін алған   "Nur Otan" партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңгірбай Смағұлов:

– "Nur Otan"  партиясы атынан облыс және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат  үміткерлер 61 мыңнан астам сайлаушыны қамтыған 113 кездесу өткізді. Біздің кандидаттар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қала тұрғындарның назарына партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір"  атты сайлауалды бағдарламасын жеткізе білді. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға орай карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталғанын да айтпай кетпеске болмас. Індеттің таралуына жол бермеу үшін кандидаттар үгіт-насихат кездесулерінде көп адам жинамады. Дегенмен, тұрғындар жиі баратын сауда орындарында өткізілген экспромт-кездесулер аясында 300 сайлаушыны қамту мүмкін болды. "Есіктен – есікке" акциясы мен канвассинг кездесулер шеңберінде де кандидаттар сайлаушылармен пікірлесе алды. Жезқазған қаласындағы өндіріс ошақтары байыту фабрикасы, құю-механикалық және мыс қорыту зауыттарының, сонымен бірге қалалық көпбейінді ауруханасы мен "ULY DALA" гипермаркеті, "Ютария ltd" өндірістік-инновациялық компаниясының ұжымы да насихат жұмыстарымен қамтылмай қалмады , – деді.

Жалпы, "нұротандық" кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат жүргізу барысында барлық мүмкіндіктерді пайдалана білді. Сайлаушылармен бетпе-бет қана емес әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда қашықтан ой бөлісті. "Facebook" әлеуметтік желісінде "Үміткерге сұрақ қой" тақырыбында ұйымдастырылған тікелей эфирлерге 300-ден аса желі қолданушысы қосылса,  "Zооm" платформасында өткен 50 конференцияға қатысқандардың саны мыңға жуықтады.  "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының жезқазғандық мүшелері де  еліміздегі жетекші партияның үгіт-насихат науқанына белсене қатысты. Жүздеген жасотандық "Сенің дауысың – маңызды", "Өз таңдауыңды жаса" атты акцияларына үн қосып, жезқазғандықтарды алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды. Қала көшелерінде ақпараттық жадынама орналастырып, тұрғындарға таратты.

Ерекше маңызға ие науқанға бір кісідей қатысқан үгіт-насихат жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізе білген Жезқазған қалалық сайлауалды штабының мүшелері мен кандидаттарға зор алғысын білдірген штабтың төрағасы Бауыржан Шыңғысов: "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып үгіт-насихат кезеңін абыроймен аяқтап отырмыз. Еткен еңбек пен жұмсалған күш-жігер еш кетпей,  халықтың партиясы "Nur Otan" 10 қаңтарда жеңімпаз атанатынына кәміл сенемін", – деп сөзін түйіндеді.

 

 "Nur Otan" партиясы     Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу