Елордада Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды.
Бұған қатысты қаулыға Нұрсұлтан Назарбаев16 тамыз күні қол қойған болатын. Дәл осы күні Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өткен еді. Онда партия бағдарламаларының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары талқыланған.
"Бүгін біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша сөз қозғаймыз. Партияны ауқымды жұмыс күтіп тұр. Жыл басынан бері партияның 2 съезі ұйымдастырылып, 20 жылдығы аталып өтті. Президент сайлауында партияның үміткері жеңіске жетті. Бұл- біздің ортақ жеңісіміз.Nur Otan мемлекеттің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жұмысын жаңғыртып, қызметін заман талабына сай атқаруы тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде.
Елбасы бүгінгі жиында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы пысықталып, партияның трансформациясы тілге тиек етілетінін және саяси бюро мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізілетінін жариялады.
Қанат Махамбет