"Nur-Sultan Open" Әуесқой жарысы басталды

2072

Еліміздің астанасында орналасқан Ұлттық теннис орталығында "Nur-Sultan Open" әуесқой теннисшілер арасындағы 8-ші халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті.  

 "Nur-Sultan Open" Әуесқой жарысы басталды

Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев құттықтау сөзінде әуесқой теннис қозғалысын теннисті халық арасында үгіттеу жағынан ең тиімді әрі мықты тәсіл деп атады. "Федерация президенті – Болат Жәмітұлы Өтемұратов әуесқой теннисті өте қолдайды, өйткені ол өзі де тенниссүйер жан, сондықтан оның атынан сіздерді құттықтап, сәттілік пен жаңа жеңістерді тілеймін!" - деді.

Аталған турнирге жүзден астам әуесқой теннисші қатысуда, олар тек Қазақстаннан ғана емес сондай-ақ, Ресей, Өзбекістан, Украина, Франция, Испания және Қытайдан келген тенниссүйерлер.

Оскар Гарсия – Испания тумасы, "Мирас" мектебінің экономика пәнінің оқытушысы, турнирге бірнеше рет қатысуда: "Қазақстанда тұрғаныма 6 жыл болды, осы бәсеке туралы көптен бері естігенмін. Биыл мен төртінші рет қатысып отырмын. Ең бастысы – ойыннан ләззат алу, бұдан бұрын айтарлықтай жеңістерге қол жеткізген жоқпын, бұл жолы ең кемінде бірінші айналымнан өтуді жоспарлап отырмын. Турнир әрқашанда өте жоғары деңгейде ұйымдастырылуда, оған өте ризамын".  

Игорь Маликов – қолданыстағы рейтинг бойынша әуесқойлар арасындағы бірінші ракетка: "Бұл 8-ші Халықаралық турнир, мен оған жыл сайын қатысамын, көбінесе финалдарға дейін жетемін, кейде жартылайфиналда  сүрінгенім болды, алайда Қазақстанды жоғары деңгейде өкіл етуге тырысамын. Рейтингте қол жеткізген топ жарар орындарымызды сақтауға тырысамыз әрине. Әуесқой теннис саласында көптеген идеялар мен жобаларымыз бар. Мысалы "Game Voyage" атты саяхатшы теннисшілер клубын ашу. Бұл жерде әуесқой теннисшілер бірігіп, шетелдік турнирлерге қатысу мүмкіндігіне ие бола алады".

Турнир 2-ші желтоқсанға дейін төмендегі категорияларда жалғасады: әйелдер арасында жекелей дәрежеде 20 жастан асқандар, ерлер арасында 30 және 45 жастан асқандар бәсекелеседі. Жұптық дәрежеде 35 жастан асқан ерлер қатысады. Жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.

Теннис Федерациясы әуесқойлар клубтарының дамуына үнемі өз үлесін қосуда. Әуесқойлардың түрлі деңгейлеріне қарай жылына 7 турнир өткізеді, ол үшін төрешілерді, сондай-ақ, корттарды, жабдық пен бағалы сыйлықтарды ұсынады. Бұған қоса ірі кәсіби турнирлер шеңберінде әуесқой турнирлер де өткізіледі. Тенниссүйер қауым үшін бұл ұнатқан спортшыларды көріп, солармен көршілес корттарда бірнеше матч ойнауға мүмкіндік береді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу