"Нұр-Сұлтан шенеуніктердің қаласынан кәсіпкерлердің қаласына айналды"

5369

ШОБ өкілдері 5 трлн теңгенің тауарын өндірді. 

"Нұр-Сұлтан шенеуніктердің қаласынан кәсіпкерлердің қаласына айналды"

Елордада "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен кәсіпкерлердің VI конференциясы өтті.

Жиында қала әкімі Алтай Күлгінов сөз сөйледі. Ол билік шағын және орта бизнеске жайлы жағдай жасап отырғанын алға тартып, нұр-сұлтандықтардың 58%-ы бизнеспен айналысып отырғанын айтты.

"Нұр-Сұлтан шенеуніктердің қаласынан кәсіпкерлердің қаласына айналды. Қаланың әлеуметтік, экономикалық әлеуеті артты. Мемлекеттің қолдауы сезіліп, бизнестің белсенділігі күшейді. Соңғы 10 жылда шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдардың саны 25 мыңнан 130 мыңға жетті. Қазір бұл секторда экономикалық белсенді азаматтардың 68%-ы жұмыс істейді. 2009 жылғы шағын және орта бизнес өкілдері 80 млрд теңгенің тауарын өндірді. Былтыр бұл көрсеткіш 5 трлн теңгені құрады",- деді Алтай Күлгінов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу