10-13 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда алғаш рет "PariMatch 2021 Qazaqstan Hockey Open" халықаралық хоккей турнирі өтеді. Біріншілікке Қазақстан, Ресей мен Беларусь құрамалары қатысады. Бұл туралы Қазақстан Хоккей федерациясы хабарлады.
Бастапқыда "PariMatch 2021 Qazaqstan Hockey Open" турниріне төрт команда қатысады деп жоспарланды. Алайда әлемдегі ахуалға байланысты құрамалардың бірі келе алмайтындықтан Қазақстан екі команда ұсынады. Екінші құрама көрнекі матчтар өткізеді.
Турнир кестесі:
10 ақпан, 19:30 Беларусь – Қазақстан
11 ақпан, 19:30 Ресей – Беларусь
12 ақпан, 15:30 Қазақстан 2 – Беларусь (Көрнекі матч)
12 ақпан, 19:30 Қазақстан – Ресей
13 ақпан, 17:00 Ресей - Қазақстан 2 (Көрнекі матч)
Турнир 2021 жылдың 21 мамыры мен 06 маусымы аралығында өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты алдындағы бақылау-матчтық кездесулер аясында өтпекші. Ал Әлем чемпионатының нақты қай жерде өтетіні белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда хоккейден әлем чемпионатты Минскі мен Ригада өтуі тиіс болатын. Бірақ Беларуссия билігі мен осы елдегі оппозицияның арасындағы қарама-қайшылықтарға байланысты Әлем Кубогының демеушілері оны Беларуссияда өткізуді қаржыландырудан бас тартты және Халықаралық Шайбалы хоккей федерациясы да бұл шешіммен келісуге мәжбүр болды. Енді Латвия дүниежүзілік біріншілікті жалғыз өзі өткізе ала ма, жоқ әлде оған серіктес ел табуға тура келе ме, ол әлі белгісіз. Қазіргі таңда Әлем чемпионатын өткізуге үміткерлер арасында Словакия мен Дания да бар.
Бұл форс-мажорлық жағдайға тап болған екінші дивизиондағы қатарынан екінші әлем чемпионаты. 2020 жылы пандемия салдарынан Швейцария чемпионатты өткізе алмады. Сонымен қатар Қазақстанда өтетін турнирді ұйымдастырушылар да форс-мажорлық жағдайларға тап болды. Бастапқыда PariMatch 2021 Qazaqstan Hockey Open турниріне төрт команда қатысады деп жоспарланған болатын. Бірақ ұлттық командалардың бірі әлемде өршіп тұрған пандемияға байланысты келе алмайды. Сондықтан чемпионатқа Қазақстан атынан екі команда қатысады.
Ермұхамед Мәулен