Нұралы Әліп: "Барлығының шетелдік клубта ойнағысы келеді"

2342

"Қайрат" қаңтар айының ортасында жаңа маусымға дайындығын бастайды.

Нұралы Әліп: "Барлығының шетелдік клубта ойнағысы келеді"

"Қайрат" пен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өзінің болашағы туралы сұрақтарға жауап беріп, жаңа маусымға дайындығы туралы әңгімеледі. Ол сонымен бірге Бауыржан Исламханға қатысты жағдай туралы өз пікірін білдіріп, оның оң шешімін табатынына сенім білдірді.

- Нұралы, сіз өзіңіздің туған жеріңіз Ақтауда жүрсіз және жергілікті жас тәрбиеленушілермен кездестіңіз. Бұл диалогтар сіз үшін нені білдіреді?

- Бұл мүмкін емес нәрсе жоқ екенін балаларға айту мүмкіндігі. Жалпы, егер сіз көп жұмыс жасасаңыз, кез-келген мақсатқа жетесіз.

- Биылғы жылы сіздің туған қалаңыздың атынан шыққан "Каспий" ұзақ уақыт бойы турнирлік кестенің соңында жүрді. Бұл команда үшін алаңдадыңыз ба?

- Әрине, бұл менің туған жерім. Осында футбол ойнай бастадым. Менің ойымша, "Каспий" биыл әдемі әрі сенімді ойын көрсетіп, өзінің ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалды. Мен клуб пен қазіргі басшылықтың үлкен жоспарлары туралы білемін. "Каспийге" сәттілік тілеймін!

- Сіз демалысты қалай өткізіп жатырсыз? Алматыға қашан ұшуды жоспарлап отырсыз?

- Отбасыммен және достарыммен көрістім. Мен өзімнің жақсы формамды сақтаудамын. Біз келесі жылдың 11-қаңтарында Алматыға барамыз. Ақырындап жаңа маусымға дайындаламыз.

- Жаңа маусымда "Қайрат" жоғары мақсат қойып отыр. Яғни Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне ену. Сіздің ойыңызша, Вагнер Лавтан басқа командаға жаңа жұлдызды ойыншы сатып алу керек пе?

- Бұл мәселені клуб төрағасы шешеді. Біз өз кезегімізде жүктелген міндеттерді орындаймыз.

- Бауыржан Исламханға қатысты жағдай туралы естіген шығарсыз. Сіз оны соңғы рет қашан көрдіңіз? Ұлттық құраманың капитанына байланысты қабылданған шешім туралы не ойлайсыз?

- Мен оны соңғы рет Алматыдан көрдім. Бұл уақытша қиындық және жақын арада ол жанкүйерлерді тағы да өз ойынымен қуантады деп сенемін. Исламхан – еліміздегі ең жақсы футболшылардың бірі.

- Сізді әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік клубтармен байланыстыруда. Бұл туралы не ойлайсыз? Нақты ұсыныстар бар ма?

- Бұл сұрақты біздің басшыға - Қайрат Боранбаевқа жолдаған дұрыс. Әрине, барлығы шетелдік клубта ойнағысы келеді. Бірақ мен асыққым келмейді. Қазір "Қайраттың" ойыншысымын және өз командама көмектесуге ден қойдым.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу