Нұралы Әліп: "Маған ойындар, жекпе-жектер, жеңістің қуанышы жетіспейді"

2187

"Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында карантин кезінде көрген сериалдары, киберфутбол турниріне қатысқандығы және футбол алаңына қайта оралуға деген үлкен ықыласы туралы сұхбат берді.

Нұралы Әліп: "Маған ойындар, жекпе-жектер, жеңістің қуанышы жетіспейді"

- Нұралы, карантин жақын арада аяқталады. Бұл амалсыз демалысты қалай бағалайсың?

- Ешкім жабық режимді ұзақ уақытқа созылады деп ойлаған жоқ. Мен, бәрі сияқты, ойынның басталуын күтіп отырмын. Бапкерлерге рахмет. Олар біздің онлайн-сабақтарымызды жасау үшін көп жұмыс атқарды, біздің форманы қалыпта ұстау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Маусым айының басында чемпионатымыз қайта жанданатынына сенемін. Маған ойындар, жекпе-жектер, жеңістің қуанышы жетіспейді.

- Сіз SETANTAQAZAQSTAN арнасында трансляцияланатын 1XBETFIFA20 CUP турниріне қатысып жатырсың. Яғни, чемпионаттағы үзіліс саған киберфутболда өз деңгейіңді жақсартуға көмектесті ме?

- Иә, бұл онлайн-турнир дәл келді. Футболдың жетіспеушілігі белгілі бір дәрежеде виртуалды футболмен өтеліп жатыр. Мен топта екінші орында тұрмын. Егер қалған матчтарды жеңсем, плей-оффқа шығамын. Бұл қызықты тәжірибе. Мүмкін маусымаралықта тағы да басқа турнирлерге қатысамын.

- Киберспортшы ретінде сен күніне қанша уақыт жаттығасың?

- Күніне 2-3 сағаттан ойнаймын. Қазір бос уақыт көп, сондықтан жағымды затты пайдалы затпен үйлестіріп жатырмын. Әдетте мен әлдеқайда аз ойнаймын.

- Бос уақытыңда қандай фильмдер немесе сериалдар көресің?

- Сериалдарды ұнатамын. Мен жақында "Острые козырьки" деген сапалы және қызықты сериялды көрдім. Қазір "Бумажный дом" деген сериалды көріп жатырмын. Барлығына кеңес беремін.  

- Біздің чемпионатымыз көрерменсіз ойындармен жалғасуы мүмкін. Бұл туралы не ойлайсың?

- Мен бос стадионда ойнауға дайынмын. Иә, жанкүйерлер алдында өнер көрсету ұнайды, себебі біз олар үшін тырысамыз. Бірақ денсаулық маңыздырақ. Жұқтыру қаупі бар болғасын, әзірге барлық қажетті шараларды сақтау керек.

- Қазір баспасөзде шетелдік клубтардың саған қызығушылығы туып жатқандығы туралы көптеген қауесет бар. Бұған қалай қарайсың?

- Маған жақсы командалардың қызығушылық танытқаны қуантады. Егер мен шетелдік чемпионаттағы клубтардың назарын аударсам, онда дұрыс бағытта жүріп келемін. Ең бастысы – қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жұмыс істеуді жалғастыру қажет. Мен Академия тәрбиеленушісінен "Қайраттың" негізгі ойыншысына дейінгі жолды жүріп өттім. Негізгі құрамда ойнау, жақсы пікірлер алу, бапкерлер штабының сенімін ақтау өте жақсы.

- Transfermarkt порталы сені шамамен 1 млн. еуроға бағалайды. Осы санмен келісесің бе немесе жоқ па?

- Жоқ шығар. Бұл мен үшін әсерлі трансферлік сома. Мүмкін, мен осылай бағалану үшін әлі де жұмыс істеу керекпін.

- Қайсысын таңдар едің: Ресейде ойнау немесе бірден Еуропаға бару?

- Егер еурокубоктарда ойнайтын ресейлік клубтар туралы сөз болса, онда мүмкін келісер едім. Біздің чемпионаттарымыз ұқсайды, аса айырмашылық жоқ. Бұл Еуропаға барар қадам болар еді.

- Қандай чемпионатта ойнауды армандайсың?

- Маған еуропалық футбол ұнайды. Барлығы бірінші бестіктегі чемпионатқа түскісі келеді. Менде де солай. Мен жақсы еуропалық чемпионаттардың бірінде өзімді сынап көргім келеді. Бірақ бұл туралы кейінірек. Қазір мен өз клубымның құрамындағы ойынға көңіл бөлудемін.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу