Нұралы Әліп Ресей премьер-лигасының чемпионы атанды

586

Қазақстандық спортшының командасы алтыншы рет қатарынан Ресей чемпионы атанып отыр. 

Нұралы Әліп Ресей премьер-лигасының чемпионы атанды Фото: kazfootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" сапында Ресей чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұралы Әліп өнер көрсететін Санкт-Петербургтің "Зенит" футбол клубы алтыншы жыл қатарынан Ресей чемпионы атанды. Чемпиондықтың тағдыры соңғы ойында шешілді. Ресей чемпионатының соңғы турында Нұралының командасы "Ростовты" 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінің бірінші сатысында тұрған мәскеулік "Динамодан" озып кетті. Бұл матчта отандасымыз негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнап шықты.

Осылайша Нұралы Әліптің командасы алтыншы рет қатарынан Ресей чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Нұралы Әліп 2022 жылдан бастап, “Зенит” командасының қатарына қосылып, сол уақыт аралығында үш рет Ресей чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу