Нұралы Әліп "Зенит" сапында дебют жасады

2274

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп словакиялық "Жилинаға" қарсы өткен жолдастық кездесуде "Зениттің" негізгі құрамына енді.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында дебют жасады

"Эмирейтс" (БАӘ) пен болгариялық "Ботевке" қарсы өткен екі кездесуге қазақстандық футболшы дене қызуының көтерілуіне байланысты қатыспады. Сондай-ақ оның коронавирусқа тесті оң нәтиже бергені хабарланды. Айта кетейік, Нұралы Әліп алғаш рет "Зенит" сапында негізгі құрамда алаңға шықты. Енді Санк-Петербор командасы 28 қаңтар күні Португалияда өтетін екінші оқу жаттығу жиындарына аттанады.

Жолдастық матч аяқталған соң қазақстандық ойыншы "Матч.Тв" арнасына сұхбат берді. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- "Зенитпен" өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан алған әсеріңіз қандай?

- Қарқынды жұмыс істедік. Маған өте ұнады. Әрбір жаттығу мен үшін жаңа нәрсе.

- Жаттығу процесі "Қайраттағыдан" несімен ерекшеленді?

- Мысалы, "Қайраттағы" таңғы жаттығулар негізінен жаттығу залында өтсе, мұнда көбінесе доппен ойнатады.

- Командада сізді қалай қабылдады?

- Жігіттер жақсы қабылдады. Барлығы мені "қазақ" деп айтатын шығар деп ойладым. Бірақ жағдай басқаша өрбіді. Әріптестер де, бапкерлер штабы да қолдау көрсетті. Әсіресе, Тимощук пен Анюков.

- Қазіргі таңда жарты Қазақстан Сіз үшін алаңдап отырған сияқты?

- Біз, қазақтар шетке шыққан футболшыларымызды әрдайым қолдаймыз. Instagram-да пікірлер жазып, (жымиды) Қазақстан тарапынан жақсы қолдау көрсетеді.

- Байқаудан өтіп жатқаныңыз Сізді біраз қобалжыта ма?

- Әлбетте, байқауда жүрген соң барымды көрсеткім келеді. Ішкі қобалжуды жеңіп, толығымен ашыла білуім қажет. Бапкерлердің қырағы көзіне түсу үшін еңбектеніп жатырмын.

- Алаңдағы әріптестеріңізбен қалай тіл табысып жатырсыз?

- Кішігірім жарақатымның кесірінен жалпы топпен жаттықпадым. Негізгі топқа кеше келіп қосылдым.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу