Нұралы Әліп: Жігіттердің жолы болмай жүр

280

Нұралы Әліп матчтан кейін сұхбат берді. 

Нұралы Әліп: Жігіттердің жолы болмай жүр

25 жастағы қорғаушы Нұралы Әліп мансабында екінші мәрте Қазақстан құрамасын капитан ретінде алаңға бастап шықты. Ойыннан кейін ол журналистерге сұхбат беріп, Уэльске қарсы кездесудегі жеңілістің себебін түсіндірді.

ӘЧ-2026 іріктеуіндегі өз алаңындағы ойында Қазақстан құрамасы Уэльстен ұтылды (0:1).
- Бүгін бізге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Өздеріңіз де көрдіңіздер. Қатарынан екінші матчта “Астана Аренада” доп қақпаға кірмей қойды. Бірде маңдайша, бірде бағанға тиеді. Кенжебектің бірінші таймда мүмкіндігі болды. Екінші таймда тағы екі сәт болды. Соның бірі маңдайша.

Өзім де сенбеймін. Қалай үйде үш ұпай алмадық, қалай голсыз аяқтадық? Ештеңе етпейді. Алда әлі ойындар бар. Жігіттердің жолы болмай жүр. Ең бастысы – еңбектенуді тоқтатпау. Құдай қаласа, жеңістерге жетеміз!
- Бүгін сіз капитан болдыңыз. Бұл тұрақты шешім бе?
-Бүгінгі матч алдында негізгі құрамды жариялағанда, бас бапкер мені осы ойынға капитан етіп тағайындады. Мүмкін, келесі матчта капитан басқа ойыншы болар. Талай жыл капитан болған Асхат Тағыбергеннен кейін маған сенім артып, бапкерлік құрам байрақты тапсырды. Бұл – үлкен жауапкершілік.
- Бельгиямен ойында алаңға шығуға дайын боласыз ба?
-Үш күн ішінде қалпыма келемін деп ойлаймын және алаңға шығамын.

Айта кетейік, Әліп бұл ойында бұлшық ет жарақатына байланысты 81-минутта ауыстырылды. Оның орнына алаңға Ұлар Жақсыбаев шықты.

Сондай-ақ, наурыз айында Әліп ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Лихтенштейнге қарсы ойында (2:0) да капитан болған еді.

Айта кетейік, енді футболдан Қазақстан құрамасчы 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу