Нұрислам Санаев жартылай финалда

1433

Нұрислам Санаев финалға жолдама алу үшін үндістандық Рави Кумармен белдеседі.

Нұрислам Санаев жартылай финалда

Бүгін таң сәрісімен бозкілемге шыққан Нұрислам Санаев алғашқы белдесуінде гвинея-бисаулық Диамантина Иуна Фафаны 7: 0 есебімен жеңіп, 57 кг салмақ дәрежесінде еркін күрестен 2020 жылғы Олимпиаданың ширек финалына шықты.

Ал екінші белдесуінде жартылай финалға шығу үшін қазақстандық балуан жапониялық Юки Такахасимен сынға түсті. Кездесу нәтижесі бойынша Нұрислам жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 15:15-те Санаев Үндістан өкілі Рави Кумармен белдеседі

Сонымен қатар қазақстандық Наталья Сергеева Олимпиада ойындарында 500 метрге байдарка есуден ширек финалға шықты. Сергеева екінші жарыста 2 минут 1.374 секунд уақыт көрсеткішімен жетінші нәтиже көрсетті. Енді үш үздік спортшы жартылай финалға, қалғандары ширек финалға шығады. Ширек финалдық сайыстар сәрсенбіде, бейсенбіде осы спорт түрінен жартылай финал мен финал өтеді.

Ал тағы бір қазақстандық Маргарита Торлопова каноэде 200 метр қашықтықта өткен жекелей жарыста ширек финалға жолдама алды. Бірақ екінші айналымда 49,051 уақыт көрсеткішімен 7-нәтиже көрсеткен Маргарита жартылай финалға шыға алмады.

Айта кетейік, аталған спортшылардан бөлек бүгін жарыс жолына Қамшыбек Қоңқабаев та шығады. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 12:18-де жартылай финалдық кездесуде америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Ал 12:30-да трек велоспортынан Сергей Пономарев іріктеу сайысына қатысады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу