Нұрқанат Серікбаев әскери дзюдодан әлем чемпионы атанды

421

Отандасымыз Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрқанат Серікбаев әскери дзюдодан әлем чемпионы атанды Фото: gov.kz

60 келі салмақта Елдос Сметовтің басты қарсыласы болған Нұрқанат Серікбаев қарсылас шақ келтірмеді.

Ол финалда тағы бір қазақстандық спортшы Шерзод Давлатовпен жолығып, екеуі алтын мен күмісті бөлісті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде қос жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев ефрейтер шеніне ие спортшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу