Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

496

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзербайжандық Туран Байрамовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, "юко" ұпайына ие болды. Нәтижесінде, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2 медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу