/img/1920х100.png
/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 384,89 Brent 36,55
Нүркен Мазбаев: "Ойын ұмытылады, нәтиже тарихта қалады"

Нүркен Мазбаев: "Ойын ұмытылады, нәтиже тарихта қалады"

"Астана" футбол клубының спорт директоры Нүркен Мазбаев inbusiness.kz сайтына ойын жайлы пікірін білдірді. 

02:26 29 Қараша 2019 2364

Нүркен Мазбаев: "Ойын ұмытылады, нәтиже тарихта қалады"

Автор:

Ермұхамед Мәулен

- "Манчестер Юнайтед" секілді команданы жеңу оңайға соқпаған сыңайлы. Бұл матч туралы қандай пікір білдіре аласыз?

- Әлбетте, бұл ұлы клуб. "Манчестер Юнайтед" Қазақстанға күнде келе бермейді. Жай келіп футбол ойнағанының өзі неге тұрады. Ал біз оларды жеңіп кеттік. Барша қазақ футболының жанкүйерлерін жеңіспен құттықтағым келеді. 

- Кейбір жанкүйерлер "Манчестер Юнайтед" екінші құраммен келді, оларды жеңу соншалықты мақтаныш емес деп жатыр...

- Бұл жерде жарыстың мақсатына көз салайық. Олардың өздерінің мақсаты бар, біздің өз діттегеніміз бар. Олар екінші құраммен ойнаса, өздерінің ішкі мәселелері. Ең бастысы біз жеңіске жеттік. "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұттық. Міне, тарихи деректерде осылай жазылып тұрады. Ойын ұмытылады, нәтиже мәңгі қалады. Сондықтан да бұл жеңіс қазақ футболының дамуына ықпал етуі керек. 

Ермұхамед Мәулен

Тегтер:

Мазбаев

"Астана" Суперкубок иегері

Қазақстан Суперкубогы финалында "Астана" қызылордалық "Қайсардан" басым түсті. 

01 Наурыз 2020 03:27 1271

"Астана" Суперкубок иегері

Осыған дейін 5 жыл қатарынан ел Суперкубогының финалына шыққан "Астана" биыл әдеттегідей "Қайратпен" емес қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Астана Арена" стадионы жөндеу жұмыстарын өткеріп жатқандықтан ойын Қостанай қаласындағы "Тобыл Арена" спорт кешенінде өтті. Матч төрешісі болған Анатолий Вишниченко кездесу басында екі команданың ойыншыларына сары қағаз көрсетіп, дөрекі ойынды қалпына келтірді. 

Ойынның бастапқы бөлігінде футболшылар жиі қателесіп, маусымның алғашқы ойынына әлі дайын еместігін байқатты. Оны ойын соңынан кейін Дмитрий Шомкода растап берді. "Біз екі ай бойы жаттығу жұмыстарын өткердік. Жасыл алаңдарда доп тептік. Бұл жолы бірден жасанды алаңда ойнап кету қиындық тудырды", деді "Астана" қорғаушысы. 

Кездесудің 40-минутында Рунар-Мар Сигурьеонсон көтерген допқа бірінші жеткен шабуылшы Пиерос Сотириу "Қайсар" қақпасына гол салды. Екінші таймда "дала қасқырлары" таразы басын теңестіргісі келгенімен елордалық команда қақпасын дәл көздей алмады. "Астана" осымен бесінші мәрте Қазақстан Суперкубогының иегері атанып отыр. Енді 7-8 наурыз күндері Қазақстан премьер-лигасының алғашқы тур ойындары өтеді. 

Ермұхамед Мәулен 

Сапасыз сырттандар қайдан келіп жатыр?

Қазақ футболында қазір қызу ауыс-түйіс жүріп жатыр. Командалар жаңа ойыншыларды қайдан алып жатыр?

27 Қаңтар 2020 01:41 1221

Сапасыз сырттандар қайдан келіп жатыр?

Өткен аптада «Астана» Армения құрамасының вингері Тигран Барсегянмен келісімге келді. Тигран өткен маусымда қызылордалық «Қайсарға» Қазақстан кубогын жеңіге көп көмегін тигісзді. Барсегян жеке шеберлігінің арқасында көптеген голдар салды. Оның қаптал арқылы жасаған шабуылдары премьер-лига қорғаушыларының бас ауруына айналды. Англияның «Брентфорд» командасына қарсы өткен жолдастық ойында ол әдемі салынған голдың авторы атанды.

Осы айдағы басты жаңалық Бауыржан Исламханның «Зенит» командасының қатарына қосылуы. Әлбетте, клуб әлі ойыншымен ресми түрде келісім-шарт жасасқан жоқ. Дегенімен Бауыржанның Санкт-Петербор қаласының командасына байқауға баруының өзі жағымды жаңалық еді. Алғашқы жолдастық кездесуде Исламхан екі рет нәтижелі пас берді.

«Тобыл» трансферлік ауыс-түйісті жақсы өткізіп жатыр. Григорий Бабаян баптайтын команда қатарына Серікжан Мұжықовты қосып алды. Келісім осы жылдың соңына дейін жасалыныпты. Соңғы 6 маусым ол «Астанада» доп тепті. Бабаян қорғанысқа Стивен Эзе деген ойыншыны алдыртты. Нигерия елінен келген легионер 25 жаста. Ол өзінің ұлттық құрамасында ойнайды. Африка ұлттар кубогының күміс жүлдегері. Мамандардың айтуынша Эзе «Тобылдың» қорғанысын күшейтеді дейді.

«Жетісу» Болгария құрамасының ойыншысы Георги Пашовты сатып алды. Футболшы командаға қосыла салысымен бірнеше сайтқа сұқбат беріп, Қазақ футболының деңгейі күн санап артып келе жатқанын айтты. Пашовтың ойнаған соңғы командасы «Арарат Армения» екен. Ол сол командамен ел чемпионы атаныпты. Өткен жылдан бастап ол Болгария құрамасына шақырту ала бастады. Бас бапкер Дмитрий Огай биыл жүлдеге қол созатын команда жасақтап жатқан сыңайлы.

«Шахтер» жаңа басшылықтың шапағатын көргісі келеді. Бірақ, клуб қатарынан мықты ойыншылар кетіп, оның орнына нәтижелері төмен легионерлер келіп жатқандай. Игорь Щацкидің орнына ресейлік қақпашы Двид Юрченко алынды. Ресей премьер-лига клубтарында болғанымен, негізгі қақпашы болып алаңға көп шықпаған. Қорғанысқа «Қайсар» сапынан Абдел Ламанж ауысты. Ал тағы бір қорғаушы Гидеон Баа финляндияның «Хонка» клубынан келді. Баа қазақстан біріншілігінде бұрын ойнаған. Ол алматылық «Қайрат» сапында 7 матчта алаңға шықты. Сонымен қатар Гана құрамасының да намысын қорғаған.

«Тараз» Владимир Никитенконың басқаруымен үш легионер алды. Біріншісі, шабуылшы Братислав Пуношевац. Өткен маусымда «Қайсар» сапында мардымды ойын көрсетпеген шабуылшының командаға алу қандай қисыннан туғаны әзірге белгісіз. Екінші легионер Овидиюс Вербицкас. Ол бұрын қазақстандық маман Владимир Чебуринмен баптайтын литваның «Судува» командасында өнер көрсетіпті. Жамбылдық команданың үшінші жаңа ойыншысы сербиялық Йован Чаадженович. Бұл футболшы туралы ақпарат жоқтың қасы.

Ермұхамед Мәулен