2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс алған 70 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан финалда жапониялық Йошиносуке Аоягимен сынға түсті.
Бірінші кезең 1:0 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Нұрқожа 3:1 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 5:3, Нұрқожа Қайпановтың пайдасында.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов Ризабек Айтмұқанның өткен жылғы жетістігін қайталады.
Тағы бір қазақстандық балуан Дәулет Ергеш (79 кг) жұбаныш белдесуінде жапониялық Кота Такахашидан жеңіліп қалды. Дәулет 9:0 есебімен алда тұрды, оған жеңіс үшін бір ұпай қажет еді. Алайда сол мүмкіндігін пайдалана алмай, 10:21 есебімен есе жіберді.