Нұрқожа Қайпановқа пәтер кілті табысталды

114

Алматыда күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. 

Нұрқожа Қайпановқа пәтер кілті табысталды

Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында 2024 жылғы әлем чемпионы атағы үшін уәде етілген пәтерін бір жылдан бері күтіп жүрген қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов туралы ақпарат тараған еді. Спортшының айтуынша, пәтерге арналған сертификат оған 2024 жылдың соңында өткен салтанатты рәсімде табысталған. Алайда содан бері ол жаңа баспанасын алмаған. Себебі оған ешкім кілтін бермеген.
Кездейсоқтық па, әлде жоқ па, 2025 жылдың 1 желтоқсанында Нұрқожа Қайпанов көптен күткен пәтерінің кілтін қолына алды. Астанадан екі бөлмелі пәтер кілтін күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионаты аясында Қазақстан күрес федерациясының бірінші вице-президенті Марат Өмірбекұлы Нұрқожа Қайпановқа табыстады.

Сонымен қатар, чемпионат барысында грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 25 мың АҚШ доллар, ал оның бапкеріне 10 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы берілді. Бұл шаралар спортшылар еңбегін лайықты бағалауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу