Нұрлан Нығматулин қызметінен кетті

3980

2021 жылы ол қайта сайланған болатын. 

Нұрлан Нығматулин қызметінен кетті Фото: Максим Морозов

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", – деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, өткен жылы қаңтарда Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы лауазымына қайта сайланған еді. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу