Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының 1/4 финалына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
100 келі салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық дюдошы әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған өзбекстандық Мұзафарбек Туробоевтан жеңілді.
Белдесу кезінде екі қарсылас бір-бірден вазари әдісін жасаған еді. Кейін өзбек балуаны тағы бір вазари жасап, иппонмен жеңіске жетті. Осылайша Нұрлыхан үшін Олимпиада ойындары аяқталды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        