Нурмагомедовтің спаррингте миы шайқалған

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2179

Саид Нурмагомедов неге мамыр айында UFC 237 турнирінен бас тартқандығын мәлімдеді.

Нурмагомедовтің спаррингте миы шайқалған Фото: news.rambler.ru

Бірден айтайық, Саид өзінің әйгілі жерлесі Хабиб Нурмагомедовтің інісі немесе ағасы емес. Тек тектері – бір. Жеңілірек салмақта өнер көрсетеді. UFC ұйымында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Жалпы, MMA туы астында 13 мәрте жеңіске жетіп (6 рет нокаутпен), бір жекпе-жегінде ұтылып қалған.

Осы Саид Нурмагомедов 11 мамыр күні Рио-де-Жанейрода өткен UFC 237 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізуге тиіс болатын. Бірақ уақыты жақындағанда, бразилиялық Раони Барселоспен айқасудан бас тартты. Ресми түрде "жарақат алып қалыпты" деп жарияланды. Ал кеше өзі соңғы жекпе-жегінен неге бас тартқандығын мәлімдепті.

"Мен бір ай бойы Таиландта дайындалдым. Содан соң үйге келіп, жаттығу жұмыстарын жалғастырдым. Бірақ спаррингтердің бірінде жеңіл жарақат алып, миым шайқалды. Дәрігерлер бір ай бойы жаттығуды қоя тұрып, тыныштық сақтау керек екендігін айтты. Әрине, өкінішті. Бірақ бәрі де – Жаратушы күштің қалауымен. Октагонға қыркүйек айында оралғым келеді. Абу-Дабидегі турнирге қатыссам деймін. Ең дұрысы – сол. Рамазан айынан кейін толықтай айығып, спорттық бабыма келіп үлгеремін", – депті Саид.

Ал Раони Барселос болса, 11 мамыр күні Карлос Хуачин деген көпшіліке беймәлім Перу спортшысымен кездесіп, 2-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеттті. Саид Нурмагомедов болса, Барселоспен әлі де жекпе-жекке шыққысы келетіндігін, оны деңгейі жоғары қарсылас деп санайтындығын тілге тиек етіпті.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу