Нұрсұлтан Алтынбек Бангкоктағы турнирдің қола жүлдегері атанды

328

Нұрсұлтан Алтынбек Бразилияда (2025) өткен әлем кубогының алтын жүлдегері. Ал, енді міне Тайландтан да жүлдесіз қайтпады.  

Нұрсұлтан Алтынбек Бангкоктағы турнирдің қола жүлдегері атанды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангокта дәстүрлі халықаралық Thailand Open турнирі өтіп жатыр. Бұл World Boxing ұйымының бастамасымен құрылған жаңа Азия федерациясы ұйымдастырып отырған беделді турнир. Мұнда құрлықтың таңдаулы былғары қолғап шеберлері бас қосып, өзара мықтыны анықтауда.

Бүгін жартылай финалдық жекпе жекте 55 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық былғары қолғап шебері Нұрсұлтан Алтынбек Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол беріп, қола медальға қол жеткізді. 

Сондай-ақ Данияр Рахымбердиев 90 келі салмақ дәрежесінде 1/2 финалда Қытай өкіліне 0:5 есебімен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, Thailand Open-2025 турнирінің жартылай финалында бүгін тағы 3 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.  Әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) үндістандық Риза Пасуитпен, ал Гүлсая Ержан (80 кг) үндістандық Лайфакмави Ралтемен жұдырықтасады. Ал ерлер арасында Дулат Бекбауов (65 кг) Бунджонг Синсириге қарсы рингке шығады. Басталуы Астана уақыты – 15:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу