Нұрсұлтан Назарбаев Мәсімов пен Сатыбалды сотына қатысты пікір білдірді

1887

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәсімов пен Сатыбалды сотына қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

"Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президент сайлауында дауыс беру рәсіміне қатысу үшін Астана қаласындағы №393 сайлау учаскесіне келді", - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында. 

Журналистердің сұрағына жауап берген Нұрсұлтан Назарбаев кімге дауыс бергенін айтты.

"Мен билікті өз еркіммен кімге бергенімді білесіздер ғой, иә? Демек мен сол кездің өзінде өз таңдауымды және соңына дейінгі таңдауымды жасадым. Бүгінгі таңда халқымызға бірлік қажет екенін атап өткім келеді.  Тәуелсіздігіміз бар, мемлекетіміз салынды, менің бастамаммен елорда бой көтерді. Бірақ әлі де талай жұмыс бар. Ол үшін бір президенттің айналасында халық бірлігі болуы қажет. Бұл қазақ халқының, Қазақстан халқының болашағы үшін өте маңызды. Біздің адамдар мұны түсінеді деп ойлаймын", - деді Тұңғыш Президент.

Бұдан бөлек ол Мәсімовтың сотына қатысты пікір білдірді.

"Мені де осы мәселе қатты қызықтырады. Тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Оған не себеп болды және бұның артында кім тұр? Мәсімовпен бірге көп жыл бойы жұмыс істедік. Бірақ қайдан білесің, Иса Мәсіх қасында отырған Иуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан да сот аяқталғанда анығын білетін боламыз", - деді Тұңғыш Президент.

Сондай-ақ, "Қайрат Сатыбалдының соты әділ өтті деп ойласыз ба" деген сұраққа:

"Бұл соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып арыз беруі керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да сот жүйесі шешеді мәселені", - деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу