Нұрсұлтан Назарбаев екі медициналық орталық салуды тапсырды

1576

Кездесу барысында Елбасы қазіргі экономикалық дағдарыс Қордың барлық компаниясына теріс әсер еткенін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев екі медициналық орталық салуды тапсырды

Ахметжан Есімовтың айтуынша, Қордың компаниялар тобы штат санын қысқартуға жол бермей, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Тұңғыш Президент "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның пандемиямен күресу және денсаулық сақтау жүйесін қолдау процесіне қатысуын ұлғайту қажеттігіне тоқталды.

"Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы  ретінде "Самұрық-Қазынаның" ішкі резервтерінен ірі мегаполистерде – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталықтың құрылысына қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға арналған. Болашақ ұрпақты ықтимал қауіптерден қорғайды. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың отбасыларына тағы бір мәрте көңіл айтты және қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу